QAZSPORT Қазақстан кубогінің плей-оффын көрсетеді

21 tamyz
550

24 және 25 тамыз күндері Қарағандыда 2026 жылғы Қазақстан Кубогінің финалдық кезеңінің матчтары өтеді.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша плей-оффқа Қарағандының «Сарыарқасы», Рудныйдың «Горнягі», Өскеменнің «Торпедосы» және «Ақтөбе» шықты. Екі жартылай финал мен финалдық матчты QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ трансляциялар Pro Ligasy сайтында және LIGASY TV YouTube-арнасында қолжетімді болады.

Матчтардың кестесі:

24 тамызда 15:00-де «Торпедо» - «Горняк»;

24 тамызда 19:00-де «Сарыарқа» - «Ақтөбе»;

25 тамызда 19:00-де Финал.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.