Өскемен мен Қарағанды қалаларында Қазақстан Кубогінің алдын ала кезеңі аяқталды.
Артем Микушиннің 36 сейві «Бейбарысқа» «Горнякпен» кездесуде жеңіске жетуге жеткіліксіз болды. Бұл ойындағы шешуші кезең соңғы жиырма минут болды. Осы аралықта кеншілер қақпаға төрт шайба соқты. Оскар Юлбарисов (2+1), Тимур Шингареев (1+2) және Александр Куршук ерекше көзге түсіп, үшеуі де 3 ұпайдан жинады. Тимур Мейдер қақпаға бағытталған 28 соққыны қайтарды.
Осылайша, Сергей Невструевтің шәкірттері топтық кезең қорытындысы бойынша 6 ұпай жинап, В тобында екінші орын алды. Ал Батыс Қазақстан командасы 4 ұпаймен плей-офф кезеңінен тыс қалды.
«Горняк» - «Бейбарыс» 6:1 (1:0, 1:0, 4:1)
1:0 - 18:17 - Шингареев (Гурин, Стулов)
2:0 - 30:26 - Куршук (Юлбарисов, Гурин)
3:0 - 47:32 - Юлбарисов (Шингареев, Куршук)
4:0 - 52:08 - Юлбарисов (Шингареев, Куршук)
5:0 - 53:40 - Рахимов (Канкин, Шимин)
5:1 - 54:55 - Юдин
6:1 - 55:38 - Ляпунов (Пархоменко, Мозжерин)
Қақпашылар: Мейдер - Микушин (Байдек, 53:40-60:00)
Матчтың алғашқы кезеңіндегі қарқынды ойын «Арланға» «Алматыны» сенімді түрде жеңуге мүмкіндік берді. Жеңімпаз команда сапында Тамерлан Бейсембиев, Захар Захаров, Кирилл Эрфурт және Игорь Ищенко мергендер тізімін толықтырды. Матвей Ершов 30 соққыны қайтарды. Ал оңтүстік астана командасының сапында Рахимбек Мейірман бір шайбамен көзге түсті.
Екі команда да топтық кезең қорытындысы бойынша Қазақстан Кубогіндегі өнерін аяқтады. Көкшетаулықтар 4 ұпай жинаса, «Алматы» Өскемендегі ойындарда ұпай еншілей алмады.
«Арлан» - «Алматы» 4:1 (3:0, 1:1, 0:0)
1:0 - 02:22 - Бейсембиев (Ищенко, Касенов)
2:0 - 13:16 - Захаров (Беляев)
3:0 - 14:04 - Эрфурт (Басов, Беляев) ГБ
4:0 - 21:17 - Ищенко (Ибраев, Бейсембиев)
4:1 - 29:31 - Мейрман (Ырыс, Андрусенко)
Қақпашылар: Ершов - Осипов (Павлов, 14:04-60:00)
«Торпедо» мен «Номад» арасындағы кездесудің басты кейіпкері – Диас Гусейнов. Ол өзінің бұрынғы командасының қақпасын үш рет дәл көздеді. Артур Гатиятов серіктестеріне төрт нәтижелі пас берді. Елордалық ұжымның екі шайбасына да Әділ Бейсембаев (1+1) қатысты.
Осы жеңістен кейін өскемендіктер қосымша көрсеткіштер бойынша «Ақтөбені» басып озып, А тобында бірінші орынға көтерілді.
«Торпедо» - «Номад» 6:2 (1:0, 2:0, 3:2)
1:0 - 15:47 - Гусейнов (Гатиятов, Рыжий)
2:0 - 21:55 - Гусейнов (Гатиятов, Бутенко) ГБ
3:0 - 24:55 - Хорошев (Алдабергенов, Панченко)
4:0 - 43:16 - Данияр (Гатиятов)
4:1 - 47:12 - Шульга (Цыбин, Бейсембаев)
5:1 - 48:45 - Гусейнов (Бутенко, Гатиятов) ГБ
6:1 - 56:28 - Алдабергенов (Прохоров, Панченко)
6:2 - 59:10 - Бейсембаев (Никитин, Королёв)
Қақпашылар: Осокин - Шестаков (Пермяков, 46:03-60:00)
В тобындағы шешуші кездесуде «Сарыарқа» «Құлагерден» басым түсті. Қарағандылықтарға жеңіс әкелген шайбаның авторы екінші үзіліске аз уақыт қалғанда мергендік танытқан Дмитрий Преснов атанды. Алаң иелерінің соққан үш шайбасына да Владимир Волков (1+2) қатысты.
Осы жеңістің арқасында Владимир Князевтің шәкірттері өз тобында бірінші орын алып, петропавлдықтарды плей-офф кезеңінен тыс қалдырды.
«Сарыарқа» - «Құлагер» 4:3 (1:1, 3:1, 0:1)
1:0 - 10:20 - Волков (Дюкарев, Никулин) ГБ
1:1 - 16:45 - Чапоров (Боровков, Мартынов) ГБ
2:1 - 27:21 - Лихотников (Преснов, Сиксна) ГБ
3:1 - 36:20 - Дюкарев (Волков, Никулин) ГБ
3:2 - 37:33 - Мартынов
4:2 - 38:23 - Преснов (Карабань, Волков)
4:3 - 41:38 - Боровков ГБ
Қақпашылар: Кадочников – Дубинскас
Жартылай финалдағы жұптар төмендегідей: «Торпедо» – «Горняк» және «Сарыарқа» – «Ақтөбе». Матчтар 24 тамызда Қарағанды қаласында өтеді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak