Қазақстан Кубогінің топтық кезеңі өз мәресіне жақындап келеді.
А тобындағы көшбасшылардың тартысында «Торпедо» жеңісті жұлып алды. Кездесудің шешуші кезеңінде Павел Жирнов екі рет гол соғып, ақтөбеліктердің қақпасын дәл көздеді. Сергей Кудрявцев 21 сейв жасады.
Осы жеңістен кейін Өскемен командасы А тобындағы бірінші орынды өзіне қамтамасыз етті. Жеңіліске қарамастан, Виталий Казариннің шәкірттері де Кубоктің жартылай финалына жолдама алды. Алдын ала кезеңде олар үш жеңіске жетті.
«Ақтөбе» - «Торпедо» 1:3 (0:1, 1:0, 0:2)
0:1 - 19:03 - Гусейнов (Глухих, Быков)
1:1 - 25:52 - Комаров (Аипов) ГБ
1:2 - 46:57 - Жирнов (Қайыров)
1:3 - 55:54 - Жирнов (Быков)
Қақпашылар: Дубович - Кудрявцев
«Бейбарыс» «Сарыарқамен» болған матч барысында есепте үш рет артта қалды. Алайда атыраулықтар жеңілістен құтылып қана қоймай, буллиттер сериясынан кейін екі ұпай еншіледі. Жеңісті буллитті тәжірибелі Илья Ковзалов орындады. Муса Гусейнов дубль авторы атанды. Номиналды алаң иелерінің қақпашысы Роман Шефер әсерлі ойын көрсетіп, 41 сейв жасады. Жарыстың бесінші күнінің қорытындысы бойынша В тобынан плей-оффқа шығу үшін тартысты бірден төрт команда жалғастыруда.
«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 4:3 Б (0:1, 1:0, 2:2, 0:0, 1:0)
0:1 - 06:25 - Пальмтаг (Пономарёв, Пономарёв)
1:1 - 34:45 - Еркінов (Габазов)
1:2 - 40:47 - Лихотников (Волков, Карабань)
2:2 - 47:16 - Гусейнов (Шишов)
2:3 - 50:55 - Сиксна (Борисевич, Люлько)
3:3 - 52:06 - Гусейнов (Білімбаев)
4:3 - 65:00 – Ковзалов ПБ
Қақпашылар: Шефер - Ибрагимов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak