Қазақстан Кубогінің топтық кезеңі өз мәресіне жақындап келеді.
«Номад» «Алматыға» қарсы кездесуде өзінің шабуылдағы әлеуетін толық көрсетіп, Кубоктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Көшпенділер» сапында Николай Шульга дубль авторы атанса, Даниил Цыбин серіктестеріне үш рет нәтижелі пас берді.
«Алматы» - «Номад» 0:4 (0:2, 0:2, 0:0)
0:1 - 02:31 - Шульга (Цыбин, Бейсембаев)
0:2 - 03:56 - Бойко (Ситников)
0:3 - 25:35 - Сулейменов (Цыбин, Двуреченский)
0:4 - 28:29 - Шульга (Цыбин, Тусупбеков)
Қақпашылар: Шпилев (Осипов, 20:00-60:00) - Шестаков (Пермяков, 28:29-60:00)
«Ертіс» Қазақстан Кубогіндегі ойынын ұпайсыз аяқтады. Павлодарлықтар бүгін «Құлагерге» лайықты қарсылық көрсеткенімен, сәтсіздікке толы сериясын үзе алмады. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы петропавлдықтардың қорғаушысы Арсений Борисов атанып, үш нәтижелі пас берді. Турнирдің алғашқы кездесуіндегі жеңілістен кейін Андрей Спиридоновтың шәкірттері жартылай финалға жолдама алуға үміткерлер қатарында қалды.
«Құлагер» - «Ертіс» 4:2 (2:0, 1:2, 1:0)
1:0 - 07:42 - Боровков (Чапоров, Борисов)
2:0 - 19:12 - Свинтальский (Хусаинов, Борисов)
3:0 - 24:14 - Гребенщиков (Воробьёв, Попитич)
3:1 - 31:48 - Гулый (Смелов, Завьялов)
3:2 - 39:04 - Завьялов (Гулый, Иконников) ГБ
4:2 - 58:29 - Попитич (Борисов, Исмагилов)
Қақпашылар: Янков - Челайдюк
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak