Дүйсенбі 2026 жылғы Қазақстан кубогі аясында екі матч өтті.
«Арлан» мен «Ақтөбе» арасындағы тартысты кездесуде Виталий Казариннің шәкірттері жеңісті жұлып алды. Шешуші голдың авторы Алексей Козорез болды, ол соңғы кезеңнің басында мергендігімен көзге түсті. Ян Хоменко дубль жасады. Үш кездесуде қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізген батысқазақстандықтар турнирге қатысушылар арасынан бірінші болып Қазақстан кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алды.
«Арлан» - «Ақтөбе» 3:4 (1:2, 2:1, 0:1)
0:1 - 02:10 - Зизевских
0:2 - 09:26 - Хоменко (Козорез, Комаров)
1:2 - 15:34 - Кисель
2:2 - 25:16 - Басов (Захаров)
2:3 - 36:27 - Хоменко (Александров, Поленов)
3:3 - 38:54 - Коротин (Басов)
3:4 - 44:06 - Козорез
Қақпашылар: Каратаев - Костюков
«Ертіс» «Горнякқа» қарсы еш қауқар көрсете алмады, осылайша павлодарлық команда қатарынан үшінші жеңілісіне ұшырады. Рудныйлықтар екі ұпайды еншілеп қана қоймай, жеке нәтижелілік көрсеткіштерін де айтарлықтай жақсартты. Владимир Кротов (2+1) пен Тимур Шингареев (0+3) үш ұпайдан жинады. Сергей Невструевтің шәкірттері плей-офф кезеңіне шығу үшін күресті жалғастыруда.
«Горняк» - «Ертіс» 8:2 (0:0, 4:2, 4:0)
1:0 - 23:44 - Рахимов (Жабунин) ГМ
1:1 - 24:13 - Кладов (Гулый, Смелов) ГБ
2:1 - 26:00 - Куршук (Кротов, Шингареев) ГБ
3:1 - 27:56 - Яковлев (Стулов, Утебаев)
3:2 - 33:26 - Иконников (Гулый)
4:2 - 36:16 - Катков (Стулов, Пархоменко)
5:2 - 41:37 - Кротов (Юлбарисов, Шингареев) ГБ
6:2 - 43:00 - Лазарев (Мозжерин, Ляпунов) ГБ
7:2 - 55:30 - Кротов (Юлбарисов, Шингареев)
8:2 - 57:12 - Мозжерин (Ляпунов)
Қақпашылар: Кудрявцев (Тихонов, 40:00-60:00) - Коваль
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak