Өткен кезеңнің басты ньюсмейкері – трансферлік нарықты белсенді жұмыс жүргізіп жатқан «Сарыарқа».
Өткен маусымның күміс жүлдегерінің сапынан қақпашы Даниил Кудимов, қорғаушы Алексей Козорез, сондай-ақ шабуылшылар Егор Кузьменко, Сергей Барбашев, Радель Фазлеев, Захар Пархоменко мен Никита Баженов кетті.
Қорғаушылар Эдгарс Сиксна, Эдуард Михайлов, Иван Степаненко, Егор Наместников және Кирилл Полоховпен, сондай-ақ шабуылшылар Евгений Королинский, Константин Пальмтаг, Владимир Волков, Артём Лихотников және Данила Карабаньмен келісімшарттар ұзартылды.
Қақпашылар Жакен Ибрагимов пен Данил Кадочников, қорғаушылар Виталий Шульга, Михаил Степанов, Игорь Пономарёв, сондай-ақ шабуылшылар Александр Борисевич, Руслан Дёмин, Кирилл Пономарёв, Ярослав Хрипков, Егор Смольянинов және Санжар Түсіпбеков біліктілік ұсыныстарын қабылдады.
Команданың жаңа ойыншыларының қатарынан қорғаушы Виталий Люлько мен шабуылшы Владислав Никулинді ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ қарағандылық жанкүйерлерге жақсы таныс шабуылшы Дмитрий Преснов «Сарыарқа» клубына қайта оралды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Almaty
Aqtóbe
Arlan
Nomad
Torpedo
Beibarys
Ertis
Gornyak
Qulager
Saryarqa