Өскемен мен Қарағанды Қазақстан кубогін қабылдайды

19 mamyr
620

2026 жылғы хоккейден Қазақстан кубогі өтетін күндер мен орындар белгілі болды.

Турнир аясындағы матчтар қайтадан Өскемен мен Қарағанды қалаларындағы ареналарда өтеді. Кубокті өткізу 14–23 тамыз аралығына жоспарланған. Финалдық кезең кеншілер астанасында ұйымдастырылады.

Қатысушылар құрамы мен топтар, сондай-ақ матчтардың толық кестесі кейінірек жарияланады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.