Бейбарыс құрамды жасақтауды жалғастыруда

18 mamyr
429

Pro Ligasy клубтарының трансферлік жаңалықтарын бақылаймыз.

Мамыр айындағы ең белсенді команда әлі де – «Бейбарыс». Өткен аптада атыраулық клубтың баспасөз қызметі тағы бірнеше ойыншымен келісімшарт жасалғанын хабарлады. Негізгі назар қақпашылар құрамына аударылды.

Тәжірибелі қақпашы Артём Микушин Батыс Қазақстанда тағы бір маусымға қалады. Өткен тұрақты чемпионатта ол 1700 минуттан астам уақыт мұз айдынына шығып, командаға 16 жеңіске жетуге көмектесті (оның үшеуі — «құрғақ» матч). Алексей Байдек «Бейбарыстағы» екінші қақпашы орны үшін таласады.

Плей-офф кезеңінде «Бейбарыс» сапында ойнаған Владимир Шлычков атыраулық клубпен толыққанды келісімшартқа қол қойды. Кең иықты қорғаушы өткен тұрақты чемпионатта «Ертіс» құрамында 39 матч өткізіп, 5 гол және 5 нәтижелі пас авторы атанды.

Сондай-ақ жасыл жейденің намысын қорғауды Алайдар Актаев та жалғастырады. Өткен маусымда шабуылшы 30 кездесуде 5 (2+3) ұпай жинады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.