Pro Ligasy командаларының ойыншылары әлем чемпионатында қалай өнер көрсетті

13 mamyr
379

Польшадағы Сосновец қаласында аяқталған бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатында Pro Ligasy командалары ойыншыларының өнерін қорытындылайық. Талғат Жайлауов жетекшілік еткен құрама бес жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын бірінші орынды иеленіп, элиталық дивизионға қайта оралуын қамтамасыз етті.

Эдуард Михайлов («Сарыарқа»):

- 5 матчта 2 пас;

- +6 – чемпионаттағы үздік пайдалылық көрсетіші (Дмитрий Бреус пен Артур Гатиятовпен бірге);

- турнирде өткізілген 131 ауысым – командадағы үздік нәтиже;

- мұзда орта есеппен 18:21 – командадағы үшінші нәтиже.

Тамирлан Гайтамиров («Номад»):

- пайдалылық көрсеткіші +4;

- қақпаға 4 соққы;

- 71:58 – чемпионаттағы жалпы ойын уақыты.

Бейбарыс Оразов («Номад»):

- ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы дебют;

- 5 матчта 1 пас;

- 13:23 – чемпионаттағы орташа ойын уақыты.

Кирилл Никитин («Номад»):

- ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы дебют;

- 5 матчта 1 пас;

- 15:10 – чемпионаттағы орташа ойын уақыты.

Фёдор Хорошев («Торпедо»):

- ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы дебют;

- 5 матчта 1 шайба;

- 11:27 – чемпионаттағы орташа ойын уақыты.

Артур Гатиятов («Номад»):

- ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы дебют;

- 5 матчта 1 шайба (жеңіс) және 4 пас – турнирдегі команданың үздік бомбардирі;

- +6 – чемпионаттағы үздік пайдалылық көрсетіші (Дмитрий Бреуспен және Эдуард Михайловпен бірге);

- 15:29 – чемпионаттағы орташа ойын уақыты.

Кирилл Ляпунов («Номад»):

- ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы дебют;

- 5 матчта 2 шайба және 1 пас;

- соққыларды 50% жүзеге асыру көрсеткіші – командадағы үздік нәтиже;

- 13:06 – чемпионаттағы орташа ойын уақыты.

Батырлан Мұратов («Номад»):

- ұйымдастырушылардың нұсқасы бойынша турнирдегі Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы;

- 5 матчта 2 шайба және 1 пас + Украинамен матчтағы жеңіс буллиті;

- 82:58 – чемпионаттағы орташа ойын уақыты.

Роман Старченко («Номад»):

- 5 матчта 2 шайба + Франциямен матчтағы жеңіс буллиті;

- қақпаға 15 соққы – командадағы екінші нәтиже;

- мұзда орташа 16:47 – команда шабуылшылары арасындағы екінші нәтиже.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының турнирге берген өтініміне Горняк қақпашысы Владислав Нурек енгізілді, алайда оған әзірге ұлттық құрама сапында дебют жасау бұйырмады.

Фото – IIHF 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.