Өскеменде Pro Ligasy чемпионатының қола жүлдесін анықтайтын серияның алғашқы матчы өтті.
Бұл қарсыласудағы алғашқы голдың авторы – бірінші кезеңнің ортасында басымдықты сәтті пайдаланған Эрик Алдабергенов болды.
Шешуші серпілісті алаң иелері екінші жиырма минуттықтың басында жасады: Дмитрий Гренц пен Диас Рысбеков 84 секунд аралығында бір-бірден шайба соқты. Бұған «Құлагер» бапкерлер штабы қақпашыны ауыстыру арқылы жауап берді – Денис Каратаевтың орнына Антон Осокин ойынға шықты. Алайда ол небәрі бір минуттан сәл аса уақыт қақпасын голдан аман сақтай алды – Александр Панченко петропавлдықтарды төртінші рет қапы қалдырды.
Қонақтар екінші үзіліске аз уақыт қалғанда ойынға қайта оралды – Владислав Пестовтың қақпасын Константин Двуреченский дәл көздеді. Дегенмен, соңғы кезеңде Андрей Корабейниковтің шәкірттері басымдықты сақтап, сенімді жеңіске жетті. Гренц дубль авторы атанды, сондай-ақ Никита Колобов пен Степан Рифель де мергендер қатарын толықтырды.
«Торпедо» - «Құлагер» 7:2 (1:0, 3:1, 3:1)
1:0 - 12:01 - Алдабергенов (Хорошев, Рахманов) ГБ
2:0 - 20:56 - Гренц (Алдабергенов)
3:0 - 22:20 - Рысбеков (Хорошев, Рифель)
4:0 - 23:37 - Панченко (Алдабергенов)
4:1 - 39:09 - Двуреченский (Комаров, Свинтальский)
5:1 - 44:05 - Колобов
6:1 - 49:36 - Рифель (Глухих, Каиров)
6:2 - 54:04 - Попитич (Воробьёв)
7:2 - 54:59 - Гренц (Мусоров, Боровиков)
Қақпашылар: Пестов - Каратаев (Осокин, 22:20-60:00)
«Торпедо» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 1-0 (7:2)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager