Қарағандыда Pro Ligasy-ның финалдық сериясының үшінші матчы өтті.
Бұл қарсыласу алдыңғы екі ойын сияқты басталды. «Сарыарқа» алғашқы кезеңді сәтті өткізіп, Данила Карабань мен Егор Кузьменконың арқасында екі рет басымдықты тиімді пайдаланды. Жалпы, бірінші кезеңде қос команда 31 минут айып уақытына ие болып, бұл ойын барысына айтарлықтай әсер етті.
Екінші жиырма минуттықта дәл сол Кузьменко мен Карабань дубль авторы атанды. Елордалық ұжым басымдыққа ие болған сәтте қақпашыны алтыншы алаң ойыншысына ауыстырып, ойынға қайта оралуға тырысты. Алайда бұл шешім нәтиже бермеді – сиренаға 8 секунд қалғанда Александр Борисевич қарсыластың бос қақпасына шайба соқты.
Қорытынды кезең іс жүзінде формалды түрде өтті. Нәтижесінде Борисевич дубль жасап, Кузьменко хет-трик авторы атанды. Қонақтар құрамынан Кирилл Ляпунов абырой шайбасын соқты. Финалдың төртінші кездесуі 7 сәуір күні «Қарағанды-Арена» мұз айдынында өтеді. Басталуы – 19:00.
«Сарыарқа» – «Номад» - 7:1 (2:0, 3:0, 2:1)
1:0 - 08:07 - Карабань (Лихотников, Сиксна) ГБ
2:0 - 15:31 - Кузьменко (Борисевич, Сиксна) ГБ
3:0 - 35:21 - Кузьменко (Барбашев)
4:0 - 37:50 - Карабань (Фазлеев, Шульга)
5:0 - 39:52 - Борисевич ПВ
6:0 - 42:20 - Борисевич (Карабань, Сиксна) ГБ
7:0 - 44:45 - Кузьменко (Борисевич, Михайлов)
7:1 - 57:41 - Ляпунов
Қақпашылар: Кадочников - Дубинскас (Шестаков, 44:45-58:36)
«Номад» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 2-1 (5:4 ОТ3, 5:2, 1:7)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager