Астанада Pro Ligasy финалдық сериясының екінші матчы өтті.
«Сарыарқа» тағы да ойынды сенімді бастап, Данила Карабань мен Артём Лихотниковтың күшімен елордалық жанкүйерлерді екі рет күйіндірді. Осы екі голдың арасында Всеволод Логвин бір шайба соғып үлгерді. Ал екінші кезеңде «көшпенділер» ойын барысын өз пайдасына өзгерте алды. Тимур Миндубаев Данил Кадочниковты өткір бұрыштан жасаған соққысымен қапы қалдырды, ал көп ұзамай Саян Данияр кем құраммен жүріп, қақпа сыртынан бағыттаған соққымен мергендік танытты.
«Номадтың» жетістігін Кирилл Ляпунов нығайта түсті, ал матчтағы соңғы нүктені Глеб Решетько қойды. Финалдың үшінші кездесуі 5 сәуір күні «Қарағанды-Арена» мұз айдынында өтеді. Басталуы – 17:00.
«Номад» - «Сарыарқа» 5:2 (1:2, 2:0, 2:0)
0:1 - 00:28 - Карабань (Михайлов)
1:1 - 04:39 - Логвин
1:2 - 13:34 - Лихотников (Фазлеев, Михайлов)
2:2 - 32:50 - Миндубаев
3:2 - 36:49 - Данияр (Бойко) ГМ
4:2 - 51:48 - Ляпунов
5:2 - 57:42 - Решетько (Дубинскас, Бойко) ПВ
Қақпашылар: Дубинскас - Кадочников (Ибрагимов, 51:48-60:00)
«Номад» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 2-0 (5:4 ОТ3, 5:2)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager