Елордада Pro Ligasy-ның шешуші сериясының алғашқы матчы өтті.
Финалдағы алғашқы голды қарағандылықтар соқты. Евгений Королинский шабуылды дер кезінде екінші қарқынмен қолдап, қақпаның төбесінен жасаған соққысымен Юргис Дубинскасқа еш мүмкіндік қалдырмады. Үзіліске аз уақыт қалғанда қонақтар тағы бір нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, плей-оффтың үздік бомбардирі Александр Борисевич өз есебін толықтырды.
Екінші кезеңнің басында Диас Гусейнов Данила Кадочниковтың қақпасын дәл көздеп, «көшпенділерді» ойынға қайта қосты. Бұған «Сарыарқа» қарқынды шабуылмен жауап беріп, оның нәтижесінде Никита Баженов көзге түсті.
Қорытынды кезеңде аймаққа кіре бере жасаған дәл соққымен Артур Гатиятов мергендік танытты. Алайда Владимир Князев шәкірттері тағы да дер кезінде жауап қайтарды – Королинский дубль авторы атанды. Дегенмен ойынның шешуші сәттері Константин Пушкарёв командасының еншісінде болды. Бұл кезеңнің басты кейіпкері тағы да Гатиятов еді: ол алдымен басымдықты тиімді пайдаланып, кейін есепті теңестіріп, хет-трик жасады.
Нәтижесінде жеңімпаз тек үшінші овертаймда анықталды. Ойынның 103-минутында тәжірибелі Роман Старченко жеңіс голын соғып, командаларды киім ауыстыратын бөлмеге тарқатты.
Финалдың екінші кездесуі 3 сәуір күні «Барыс Аренаның» А блогында өтеді. Басталуы – 19:00.
«Номад» - «Сарыарқа» 5:4 ОТ3 (0:2, 1:1, 3:1, 1:0)
0:1 - 07:01 - Королинский (Лихотников, Степаненко)
0:2 - 14:26 - Борисевич (Барбашев, Кузьменко)
1:2 - 22:51 - Диханбек (Гатиятов, Гусейнов)
1:3 - 31:50 - Дёмин (Волков, Баженов)
2:3 - 46:47 - Гатиятов (Гусейнов, Данияр)
2:4 - 51:03 - Королинский (Сиксна, Лихотников)
3:4 - 56:26 - Гатиятов (Диханбек, Гусейнов) ГБ
4:4 - 57:36 - Гатиятов (Гусейнов, Диханбек)
5:4 - 102:52 - Старченко (Бритиков)
Қақпашылар: Дубинскас - Кадочников
«Номад» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 1-0 (5:4 ОТ3)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager