Номад – маусымның алғашқы финалисі

26 naýryz
778

Астанада «Номад» пен «Құлагер» арасындағы жартылай финалдық серия аяқталды.

Петропавлдықтар есепті алғашқы минутта-ақ ашты – Дмитрий Стулов мергендігімен көзге түсті. Алайда кезеңнің ортасында тәжірибелі Роман Старченко алаң иелерін қайта ойынға қосты. Кездесудің шешуші сәті екінші үзіліске аз уақыт қалғанда орын алды: Диас Гусейнов Денис Каратаев қақпасына екінші мәрте шайба тоғытты. Соңғы кезеңнің аяқталар тұсында Андрей Спиридонов шәкірттері соңғы шабуыл ұйымдастыруға тырысты, бірақ Юргис Дубинскас бастаған «Номад» қорғанысы сыр бермеді. Елорда командасының қақпашысы қорытындысында 22 соққыны қайтарды.

Константин Пушкарёв бапкерлік қызметіндегі алғашқы жылында-ақ командасын финалға шығарды. «Номадтың» финалдағы қарсыласы «Торпедо» – «Сарыарқа» сериясы аяқталғаннан кейін анықталады. Ал «Құлагер» қола жүлде үшін сынға түседі.

«Номад» - «Құлагер» 2:1 (1:1, 1:0, 0:0)

0:1 - 00:48 - Стулов (Воробьёв, Исмагилов)

1:1 - 12:49 - Старченко (Логвин, Гайтамиров)

2:1 - 38:06 - Гусейнов (Гатиятов, Данияр)

Қақпашылар: Дубинскас - Каратаев

«Номад» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 4-1 (5:3, 2:1, 5:2, 1:2 ОТ2, 2:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.