Борисевичтің хет-тригі Сарыарқаға Торпедомен серияда үшінші рет жеңіс сыйлады

24 naýryz
481

«Торпедо» мен «Сарыарқа» арасындағы төртінші кездесуде арнайы бригадалардың ойыны алдыңғы қатарға шықты.

Бұл матчтағы шешушісі екінші кезең болды – барлық нәтижелі шабуылдар дәл осы уақытта орын алды. Қарағандылықтар қарсыластың аластатылуын үш рет тиімді пайдаланып, кейін өскемендіктерге ойынға толыққанды қайта оралуға мүмкіндік бермеді. Кездесудің басты қаһарманы – хет-трик жасаған алаң иелерінің шабуылшысы Александр Борисевич. Эдгарс Сиксна өз есебіне үш нәтижелі пас жазды. «Сарыарка» қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 29 соққыны қайтарды.

«Торпедоның» алтын үшін күресті аяқтауына бір қадам қалды. Серияның бесінші ойыны 27 наурыз күні Өскеменде өтеді.

«Сарыарқа» - «Торпедо» 4:1 (0:0, 4:1, 0:0)

1:0 - 22:57 - Борисевич (Барбашев, Сиксна)

2:0 - 28:10 - Карабань (Борисевич, Сиксна) ГБ

3:0 - 31:59 - Борисевич (Карабань, Кузьменко) ГБ

4:0 - 33:41 - Борисевич (Карабань, Сиксна) ГБ

4:1 - 39:09 - Панченко (Гренц, Боровиков) ГБ

Қақпашылар: Кадочников - Пестов (Янков, 31:59-60:00)

«Торпедо» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 1-3 (6:2, 2:3 ОТ, 2:3, 1:4)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.