Петропавлда «Құлагер» мен «Номад» арасындағы үшінші жартылай финалдық матч өтті.
Алаң иелері 6-шы минутта Евгений Попитичтің голымен есеп ашты. Алайда елордалық команда тез арада есепті теңестірді – Саян Данияр гол салды.Екінші жиырма минуттық кезең ойынның шешуші кезеңіне айналды. «Құлагер» бұл кезеңде әбден сүрінді – төрт гол жіберіп алды. Әрі қарай қонақтар қарсыластарға есепті қысқартуға мүмкіндік бермей, сериядағы үшінші жеңістерінеқол жеткізді. Соңында Саян Данияр дубль жасады, ал Олег Бойко, Вячеслав Колесников және Әділ Бейсембаев гол салды. Петропавлдықтар бұл матчтан кейін тіпті бір рет қате жіберу құқығын жоғалтты.
«Құлагер» - «Номад» 2:5 (1:1, 0:4, 1:0)
1:0 - 05:23 - Попитич (Бурлака)
1:1 - 06:55 - Данияр (Диханбек, Бутенко)
1:2 - 29:52 - Данияр (Диханбек, Гатиятов) ГБ
1:3 - 31:06 - Бойко (Гатиятов, Гусейнов) ГБ
1:4 - 33:43 - Колесников (Маңғысбаев, Гайтамиров)
1:5 - 37:19 - Бейсембаев (Старченко, Бутенко) ГБ
2:5 - 55:06 - Исмагилов (Попитич, Стулов)
Қақпашылар: Осокин (Каратаев, 37:19-60:00) - Дубинскас
«Номад» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 3-0 (5:3, 2:1, 5:2)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak