Хоккейден Қазақстан чемпионаты жартылай финалдық раундының қатысушыларымен танысамыз.
«Номад» (1) – «Құлагер» (5)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:1, 6:1, 3:2, 5:2, 3:1, 5:4 ОТ.
Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Кирилл Ляпунов (8 балл, 4+4) – Александр Воробьёв (4 балл, 3+1).
¼ финалдың нәтижелері: «Алматымен» серияда 4-3– «Арланмен» серияда 4-1.
Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 26/15 – 14/10.
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Батырлан Мұратов (8 балл, 3+5) – Максим Базанов (4 балл, 0+4).
Тұрақты чемпионаттағы екі команда арасындағы алты кездесудің барлығы да «көшпенділердің» пайдасына шешілді. Осы ойындарда петропавлдықтар бар болғаны бір ғана ұпай жинады.
«Номад» – алдыңғы кезеңде барлық жеті матчты өткізген жалғыз жартылай финалист. Ал «Құлагер» «Арланмен» серияда үш рет овертаймда ойнады.
Астаналық Батырлан Мұратов – қазіргі плей-офф кезеңіндегі үздік бомбардирлердің төртіншісі. Данил Бутенко (2+2) – кубоктық раундтағы ең нәтижелі қорғаушылардың топ-3 қатарына кіреді.
«Құлагердің» қақпашысы Антон Осокин сенімділік коэффициенті (1,8) және тойтарылған соққылар пайызы (94,1) бойынша көшбасшылар қатарында.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager