Қарағандылық «Сарыарқа» командасы ширек финал сериясының бесінші матчында жеңіске жетіп, плей-оффтың жартылай финалына жолдама алды.
Матчтың негізгі 60 минуты жеңімпазды анықтай алмады, сондықтан ойын қосымша уақытқа ұласты. Овертаймда «Сарыарқа» сан басымдығын тиімді пайдаланып, жеңіс шайбасын соқты – гол авторы Данила Карабань болды.
Жартылай финалдағы жұптар «Номад» пен «Алматы» арасындағы серия аяқталғаннан кейін белгілі болады. Қазіргі таңда оңтүстік астананың командасы серияда тұрақты чемпионаттың жеңімпазына қарағанда жеңіске бір табан жақын.
«Сарыарқа» – «Горняк» 3:2 ОТ (2:0, 0:1, 0:1, 1:0)
1:0 - 01:03 - Смольянинов (Шульга, Волков)
2:0 - 11:43 - Лихотников (Наместников, Сиксна)
2:1 - 30:21 - Барабаш (Куршук, Горожанинов)
2:2 - 55:35 - Катков
3:2 - 70:14 - Карабань (Борисевич, Сиксна) ГБ
Қақпашылар: Кадочников - Нурек
«Сарыарқа» - «Горняк» сериясындағы есеп: 4-1 (6:2, 5:1, 2:3 ОТ, 4:1, 3:2 ОТ).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager