Pro Ligasy плей-оффының ширек финалында алғашқы сенсацияның ауылы жақындай түсті.

Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Номад» маусымды аяқтауға бір қадам қалды. «Алматы» «көшпенділерге» қарсы текетірестегі үшінші матчта жеңіске жетіп, енді келесі кездесуде оңтүстік астана ұжымы екінші кезеңге жолдаманы рәсімдей алады.Қонақтар сапынан Денис Гафаров дубль жасады. Ал алаң иелері құрамында қорғаушы Данил Бутенко да екі шайба соғып, өз есебін толықтырды.
«Номад» - «Алматы» 2:4 (1:0, 0:4, 1:0)
1:0 - 17:23 - Бутенко (Старченко, Муратов) ГБ
1:1 - 20:10 - Гафаров (Валиев, Анисимов)
1:2 - 23:21 - Айдуков (Белоус)
1:3 - 24:47 - Атаханов (Гусейнов, Ананичев) ГБ
1:4 - 33:32 - Гафаров (Ананичев, Валиев)
2:4 - 53:41 - Бутенко (Старченко, Муратов)
Қақпашылар: Калмыков - Клоберданец (Эрштейн, 47:25-60:00)

«Номад» - «Алматы» сериясындағы есеп: 2-3 (2:3, 5:2, 6:2, 0:1 ОТ, 2:4).
«Арлан» мен «Құлагер» арасындағы бесінші кездесудің алғашқы жартысы көкшетаулықтардың басымдығымен өтті. Вадим Кравченко мен Семён Роев соққан шайбалардың арқасында олар есеп бойынша алға шықты. Алайда көп ұзамай Степан Штефан бір шайбаны қайтарды.Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда Евгений Попитич есепті теңестірді. Осылайша ойын негізгі уақыттан тыс жалғасты. Тек екінші овертаймда, кездесудің 84-минутының соңына қарай Дмитрий Исмагилов оң қапталдан аймақтың ортасына ығысып, Тимур Мейдердің қақпасына жойқын соққымен дәл түсіп, шешуші шайбаны соқты.
Осылайша елдің қазіргі чемпионы «Арлан» осы маусымдағы медальдар үшін күресті тоқтатты. Ал «Құлагер» жартылай финалға жолдама алып, енді екінші кезеңдегі қарсыласын күтеді.
«Арлан» - «Құлагер» 2:3 ОТ (1:0, 1:1, 0:1, 0:0, 0:1)
1:0 - 07:15 - Кравченко (Орлов, Преснов) ГБ
2:0 - 21:05 - Роев (Аипов, Беляев)
2:1 - 21:30 - Штефан (Муканов, Своеволин)
2:2 - 55:13 - Попитич (Исмагилов, Гончаров)
2:3 - 83:59 - Исмагилов (Попитич)
Қақпашылар: Мейдер - Осокин
«Арлан» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 1-4 (3:4, 2:3 ОТ, 3:2 ОТ, 0:2, 2:3 ОТ2).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager