Виталий Казарин: «Қыркүйекпен салыстырғанда маусым соңына қарай команда едәуір күшейді»

4 naýryz
945

«Ақтөбенің» бас бапкері команданың Pro Ligasy-ның кезекті маусымындағы өнерін қорытындылады.

- Виталий Павлович, маусымның қорытындысы туралы пікіріңіз қандай?

- Мен үшін мұндағы алғашқы маусым біршама екіұшты өтті. Біз легионерлерсіз ойнадық. Кейбір командаларда жоғары деңгейдегі легионерлер бар, олар ұпайлардың басым бөлігін жинап жүр.Сонымен қатар кеше ғана жастар құрамасында ойнаған кейбір жігіттеріміз жағымды әсер қалдырды — маусым соңына қарай жақсы нәтиже көрсетті. Өкінішке қарай, көңілімізден шықпаған ойыншылар да болды. Кейбірімен қош айтыстық.Қыркүйекпен салыстырғанда маусым соңына қарай команда едәуір күшейді. Бірақ жекелей шеберлік, әсіресе шабуылдарды аяқтауда сәл жетіспеді. Дегенмен жігіттердің мінезі бар.Келесі маусымда жекелеген ойыншыларды ауыстырамыз. Келер жылы жоғарырақ орын алып, плей-оффта лайықты өнер көрсетуге тырысамыз.

- Жаңа маусым алдындағы трансферлік саясат қандай бағытта жүреді?

- Егер демеуші табылса, бөлінетін бюджетке қарай мықты легионерлер іздейміз. Қазақстандық ойыншыларға келсек, бәрі де қай хоккейшілердің бос болуына байланысты болады. Олармен келіссөз жүргіземіз. Қорғаныс шебіндегі негізгі ойыншылар сақталып қалды, дегенмен бұл позицияға да тағы бірнеше ойыншы қосқан артық болмас еді. Ал шабуыл шебін бізге міндетті түрде күшейту қажет.

- Демек, жанкүйерлер жаңа маусымнан үлкен үміт күте берсе бола ма?

- Әрқашан үмітпен қарау керек. Алдағы уақытта жанкүйерлерімізді жиірек қуантамыз деп үміттенемін. Мұндағы трибуналардың қолдауы өте жақсы. Осы мүмкіндікті пайдаланып, біз үшін жанкүйер болып, қолдау көрсеткен баршаға алғыс айтқым келеді! 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.