Pro Ligasy плей-оффы екі матчпен жалғасты.

«Бейбарыс» «Торпедомен» ширек финалдық текетіресте бірде-бір жеңіске жете алмады. Матч тағы да тартысты өтті, алайда өскемендік команда ойын барысын бақылауда ұстап, сериядағы шешуші жеңіске қол жеткізді. Қонақтар сапында Александр Пелевин мен Никита Колобов мергендік есептерін толықтырды. Ал Андрей Янков қарсыластың есепті өзгертуге бағытталған 30 соққысына тосқауыл қойды.
Осылайша Андрей Корабейников шәкірттері осы маусымда Pro Ligasy жартылай финалына шыққан алғашқы команда атанды.
«Бейбарыс» - «Торпедо» 1:2 (0:0, 1:2, 0:0)
0:1 - 31:06 - Пелевин (Гренц, Алдабергенов)
0:2 - 33:26 - Колобов (Оспанов, Гренц) ГБ
1:2 - 37:26 - Шишов (Гасников, Казаченко) ГБ
Қақпашылар: Осипов (Микушин, 34:30-59:16) - Янков
«Торпедо» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 4-0 (4:2, 3:2, 4:2, 2:1).

«Сарыарқа» Рудныйдан бір жеңіспен қайтты. Бүгінгі төртінші кездесудің тағдырын қарағандылық шабуылшы Егор Кузьменко шешіп, хет-трик жасады. Қызығы, ол барлық үш шайбаны да артық құрамменсалды. Данил Кадочников 18 соққыны қайтарды.
Командалар кеншілер астанасына Владимир Князев шәкірттерінің өте қолайлы басымдығымен оралады. Келесі кезеңге шығу үшін оларға енді бір ғана жеңіс қажет.
«Горняк» - «Сарыарқа» 1:4 (0:1, 0:2, 1:1)
0:1 - 08:01 - Карабань (Михайлов)
0:2 - 23:15 - Кузьменко (Карабань, Лихотников) ГБ
0:3 - 36:56 - Кузьменко (Сиксна, Борисевич) ГБ
1:3 - 51:14 - Барабаш ШБ
1:4 - 53:19 - Кузьменко (Лихотников, Борисевич) ГБ
Қақпашылар: Нурек - Кадочников
«Сарыарқа» - «Горняк» сериясындағы есеп: 3-1 (6:2, 5:1, 2:3 ОТ, 4:1).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak