Петропавл мен Алматыда Pro Ligasy ширек финалының кезекті матчтары өтті.

«Құлагер» мен «Арлан» арасындағы кездесуде 13-минутта Дмитрий Исмагилов соққан шайба петропавлдықтарға ойынның әрі қарайғы тактикасын құруға мүмкіндік берді. Қонақтар да шабуылда белсенді болды, алайда алаң иелерінің қорғанысы Антон Осокиннің (32 сейв) бастауымен бүгін қателік жібермеді. Ал кездесудің қорытынды есебін Алмаз Мұқанов белгіледі.Андрей Спиридоновтың шәкірттері сериядағы үшінші жеңісіне жетіп, жартылай финалға шығуға бір қадам қалды.
«Құлагер» - «Арлан» 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)
1:0 - 12:10 - Исмагилов (Стулов, Попитич) ГБ
2:0 - 28:40 - Муканов (Штефан, Шапорев)
Қақпашылар: Осокин - Мейдер
«Арлан» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 1-3 (3:4, 2:3 ОТ, 3:2 ОТ, 0:2).

«Алматы» мен «Номад» арасындағы кездесудің басты кейіпкерлері – қақпашылар болды. Олар негізгі уақыт қорытындысы бойынша өз қақпаларын голдан аман сақтады.Нәтижесінде жеңімпаз бірінші овертаймның аяқталуына аз уақыт қалғанда анықталды: Ринат Валиев Роман Калмыковтың қақпасына шайба енгізді. Калмыков жалпы есепте 29 соққыны қайтарды. Ал оның қарсыласы Максим Клоберданец 35 сейв жасап, командасына көмектесті.Осылайша командалар сериядағы есеп тең болған күйде елордаға оралады.
«Алматы» - «Номад» 1:0 ОТ (0:0, 0:0, 0:0, 1:0)
1:0 - 73:40 - Валиев (Айдуков, Ананичев)
Қақпашылар: Клоберданец - Калмыков
«Номад» - «Алматы» сериясындағы есеп: 2-2 (2:3, 5:2, 6:2, 0:1 ОТ).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak