Бейбарыстың маусымды аяқтауына бір қадам қалды, Горняк плей-оффтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

1 naýryz
520

Атырау мен Рудный қалаларында Pro Ligasy плей-офф матчтары өтті.

«Торпедо» мен «Бейбарыс» арасындағы үшінші кездесу екінші ойынның сценарийіне ұқсас өрбіді. Эрик Алдабергенов пен дубль авторы Дмитрий Гренцтің шайбаларынан кейін өскемендіктер жағдайды бақылап тұрғандай көрінді. Алайда матч соңында атыраулықтар тағы да есепті теңестіруге шақ қалды. Интриганы Евгений Гасников пен Кирилл Юдиннің дәл соққылары қайтарды.

Дегенмен Андрей Корабейников шәкірттері бұл жолы да төтеп берді — кездесудің нүктесін сол Алдабергенов қойып, алаң иелерінің бос қақпасын дәл көздеді.

Осылайша, «Торпедоға» плей-оффтың екінші кезеңіне шығу үшін осы серияда бір ғана жеңіс жетіспейді. Ал «Бейбарыс» үшін жақын күндері маусымды аяқтау қаупі тұр.

«Бейбарыс» - «Торпедо» 2:4 (0:1, 0:2, 2:1)

0:1 - 12:33 - Алдабергенов (Панченко)

0:2 - 35:07 - Гренц (Колобов, Боровиков)

0:3 - 37:17 - Гренц (Панченко, Пелевин)

1:3 - 55:15 - Гасников (Асуханов, Колотыгин)

2:3 - 57:09 - Юдин (Актаев)

2:4 - 59:44 - Алдабергенов (Гренц, Мусоров)

Қақпашылар: Осипов (Микушин, 40:00-55:04, 55:15-58:02) - Пестов

«Торпедо» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 3-0 (4:2, 3:2, 4:2).

Екі ойында шахтёрлер астанасында жеңілгеннен кейін «Горняк» бүгін «Сарыарқаға» шынайы қарсылық көрсетті. Қарағандылықтар Эдгарс Сиксна мен Артём Лихотниковтың шайбаларынан кейін есепте екі рет алға шықты. Алайда алаң иелері екі жағдайда да таразы басын теңестірді – Александр Куршук пен Никита Ляпунов мергендік есептерін толықтырды.

Кездесу овертаймға ұласты, бірақ қосымша уақыт ұзаққа созылған жоқ. Тәжірибелі Куршук басымдық кезінде қарсылас қақпасы алдында нағыз шабуылшыдай ойнап, рудныйлықтарға осы плей-оффтағы алғашқы жеңісті сыйлады. «Горняктың» қақпашысы Владислав Нурек 35 сейв жасады.

«Горняк» - «Сарыарқа» 3:2 ОТ (1:1, 1:1, 0:0, 1:0)

0:1 - 02:21 - Сиксна (Карабань, Борисевич) ГБ

1:1 - 18:43 - Куршук (Степанов)

1:2 - 20:34 - Лихотников (Степаненко, Фазлеев)

2:2 - 38:38 - Ляпунов (Өтебаев)

3:2 - 61:43 - Куршук (Лазарев, Степанов) ГБ

Қақпашылар: Нурек - Кадочников

«Сарыарқа» - «Горняк» сериясындағы есеп: 2-1 (6:2, 5:1, 2:3 ОТ).


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.