Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі Алматы мен Петропавлға жетті.

«Номад» пен «Алматы» арасындағы серияның үшінші матчы астаналық ұжымның пайдасына шешілді. Қорытынды кезең басталғанға дейін қонақтар алты нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. «Номад» сапында Дмитрий Макеев пен Батырлан Муратов (екеуі де 1+1) екі ұпайдан еншіледі, ал жеңіс шайбасын Роман Старченко соқты. Роман Калмыков 29 сейв жасады.Алаң иелері қатарында Александр Ананичев пен Муса Гусейнов мергендік есептерін толықтырды.
Осылайша, Константин Пушкарёв шәкірттері осы ширек финалдық серияда алғаш рет алға шықты.
«Алматы» - «Номад» 2:6 (0:2, 0:4, 2:0)
0:1 - 03:59 - Бойко
0:2 - 06:33 - Цыбин (Колесников)
0:3 - 21:38 - Старченко (Муратов) ГБ
0:4 - 22:06 - Королёв (Макеев)
0:5 - 32:25 - Муратов
0:6 - 39:49 - Макеев (Гусейнов, Гатиятов)
1:6 - 55:48 - Ананичев (Атаханов)
2:6 - 59:33 - Гусейнов (Валиев, Айдуков)
Қақпашылар: Клоберданец (Эрштейн, 22:06-60:00) - Калмыков
«Номад» - «Алматы» сериясындағы есеп: 2-1 (2:3, 5:2, 6:2).

«Құлагер» мен «Арлан» арасындағы үшінші кездесу тағы да негізгі уақыттан тыс аяқталды. Петропавлдықтар Степан Штефан мен Дмитрий Стуловтың шайбаларынан кейін кезекті жеңіске өте жақын болды. Алайда үшінші кезеңнің соңында қонақтар қарымта шабуыл жасап, 38 секунд аралығында Вадим Кравченко мен Арсений Борисов гол соқты. Овертаймда тәжірибелі Степан Санников басымдықты сәтті пайдаланып, өз командасына осы плей-оффтағы алғашқы жеңісті сыйлады.
«Құлагер» - «Арлан» 2:3 ОТ (1:0, 0:0, 1:2, 0:1)
1:0 - 16:55 - Штефан (Сошников)
2:0 - 47:24 - Стулов (Бурделёв, Базанов)
2:1 - 55:14 - Кравченко (Преснов) ГБ
2:2 - 55:52 - Борисов (Захаров, Преснов)
2:3 - 67:40 - Санников ГБ
Қақпашылар: Осокин - Мейдер
«Арлан» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 1-2 (3:4, 2:3 ОТ, 3:2 ОТ).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager