Pro Ligasy ширек финалдары екі кездесумен жалғасуда.

Өскемендік хоккейшілер «Бейбарыспен» өткен матчтың 57-минутына дейін әр кезеңде бір-бір шайбадан соғып, жағдайды сенімді бақылап тұрғандай көрінді. Гол авторлары – Дмитрий Гренц, Владимир Боровков және Андрей Рунов.
Алайда кездесудің соңында атыраулық ойыншылар қарымта шабуылға көшіп, Артём Ананичев пен Тимур Шингареевтің күш-жігерінің арқасында есеп айырмасын минимумға дейін қысқартты.
Матчтың соңғы секундтарында Владислав Пестов қақпасына үшінші шайба да соғылған еді. Бірақ төрешілер видеоқайталауды қарап, қақпашыға кедергі жасалды деген шешіммен голды есепке алмады. Осылайша, Андрей Корабейников шәкірттері серияда 2-0 есебімен алда болып, командалар Батыс Қазақстанға жол тартады.
«Торпедо» - «Бейбарыс» 3:2 (1:0, 1:0, 1:2)
1:0 - 18:59 - Гренц (Панченко, Колобов) ГБ
2:0 - 39:32 - Боровков (Рифель, Кляузов)
3:0 - 46:15 - Рунов
3:1 - 56:17 - Ананичев (Гасников, Казаченко)
3:2 - 58:46 - Шингареев (Казаченко)
Қақпашылар: Пестов - Осипов
«Торпедо» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 2-0 (4:2, 3:2).

«Сарыарқа» «Горнякты» тағы да сенімді түрде жеңіп, рудныйлықтармен сериядағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Қарағандылықтарға жеңіс әкелгендер – Александр Борисевич, дубль авторы атанған Никита Баженов, Виталий Шульга және Руслан Дёмин. Данил Кадочников 21 сейв жасады.Қонақтар сапынан Владимир Кротов бедел үшін соғылған шайбаның авторы болды. Осылайша, Владимир Князев шәкірттері айтарлықтай қолайлы басымдықпен Рудныйға жол тартады.
«Сарыарқа» - «Горняк» 5:1 (2:1, 1:0, 2:0)
0:1 - 09:31 - Кротов (Юлбарисов)
1:1 - 13:04 - Борисевич (Михайлов, Карабань)
2:1 - 14:43 - Баженов (Волков, Степаненко)
3:1 - 28:08 - Шульга (Барбашев, Борисевич)
4:1 - 42:08 - Баженов (Борисевич, Карабань) ГБ
5:1 - 59:53 - Дёмин (Степаненко, Волков)
Қақпашылар: Кадочников - Нурек
«Сарыарқа» - «Горняк» сериясындағы есеп: 2-0 (6:2, 5:1).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager