Pro Ligasy плей-офф кезеңі Астана мен Көкшетаудағы кездесулермен жалғасуда.

¼ финалдың алғашқы матчында «Алматыдан» жеңілгеннен кейін «көшпенділердің» бапкерлер штабы құрамға бірқатар өзгеріс енгізді, және бұл өзгерістер бүгінгі жеңісте маңызды рөл атқарды. «Номад» сапында Олег Бойко дубль авторы атанды, ал Данил Бутенко мен Саян Данияр әрқайсысы екі реттен нәтижелі пас берді. Алаң иелерінің қақпасына шыққан Роман Калмыков қақпаға бағытталған 22 соққыны қайтарды. Командалар серия есебі 1-1 болған жағдайда оңтүстік астанаға жол тартады.
«Номад» - «Алматы» 5:2 (1:0, 2:1, 2:1)
1:0 - 10:05 - Колесников (Цыбин)
2:0 - 20:14 - Муратов (Бутенко, Старченко) ГБ
2:1 - 36:26 - Анисимов (Гафаров, Валиев)
3:1 - 38:18 - Кеңесбай (Колесников, Макеев)
4:1 - 47:07 - Бойко (Бутенко, Данияр)
4:2 - 56:06 - Селезнёв (Алламов, Гусейнов)
5:2 - 58:32 - Бойко (Данияр) ПВ
Қақпашылар: Калмыков - Клоберданец (Эрштейн, 47:40-58:00)
«Номад» - «Алматы» сериясындағы есеп: 1-1 (2:3, 5:2).

«Арлан» мен «Құлагер» арасындағы екінші текетіресте жеңімпазды анықтауға негізгі 60 минут жеткіліксіз болды. Негізгі уақытта қарсыластар бір-бірінің қақпасын екі реттен дәл көздеді: көкшетаулықтар сапында Александр Гопиенко мен Дмитрий Преснов гол соқты, ал қонақтар жағынан Артём Бурделёв пен Станислав Тунхузин мергендік есептерін толықтырды. Овертаймның бесінші минутында Александр Бурлака аймаққа ене бере зеңбіректей соққымен нүкте қойып, командаларды шешуші жеңіспен киім ауыстыратын бөлмеге қайтарды. Осылайша, «Құлагер» сериядағы екі бірдей сырт алаңдағы жеңіспен Петропавлға оралады.
«Арлан» - «Құлагер» 2:3 (1:1, 1:1, 0:0)
0:1 - 01:22 - Бурделёв (Маркабаев)
1:1 - 12:54 - Гопиенко (Кравченко)
1:2 - 34:00 - Тунхузин (Свинтальский, Коваленко)
2:2 - 34:20 - Преснов
2:3 - 64:31 - Бурлака (Своеволин, Мұқанов)
Қақпашылар: Мейдер - Осокин
«Арлан» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 0-2 (3:4, 2:3 ОТ).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager