Номад – Алматы сериясы алдында

22 aqpan
321

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ширек финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын аяқтаймыз.

«Номад» (1) – «Алматы» (8)

Жеңістер/ұпайлар: 42/86 – 20/46.

Тұрақты чемпионатта салынған/өткізілген шайбалар: 227/118 – 140/180.

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Артур Гатиятов (53 балл, 15+38) – Муса Гусейнов (46 балл, 23+23).

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 1:2 ОТ, 0:5, 5:4, 3:2, 7:1, 3:1.

Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Артур Гатиятов (7 балл, 1+6) – Муса Гусейнов (5 балл, 2+3).


Маусымдағы өзара кездесулерде алты матчтың төртеуінде жеңіске жеткен «Номад» басымдыққа ие. Ал осы командалар арасындағы ойындарда жалғыз «құрғақ» жеңісті алматылықтар тіркеді.

Константин Пушкарёв шәкірттері 227 шайба соғып, тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша бұл көрсеткішпен екінші орын алды. Ал «Алматы» плей-оффқа шыққан сегіз команда ішінде нәтижелілігі ең төмен ұжым атанды, сондай-ақ кубоктық кезеңге жолдама алған командалар арасындағы салынған/өткізілген шайбалар айырмасы да ең нашар көрсеткішке ие болды.

Бұл жұпта жанкүйерлерді қызықты қақпашылар текетіресі күтіп тұр. «Көшпенділердің» қақпашысы Роман Калмыков сенімділік коэффициенті бойынша (2,0) лигада үшінші орында. Алматылық Максим Клоберданец қайтарылған соққылар пайызы бойынша (93,3%) екінші нәтиже көрсетті. Сонымен қатар «Номадтың» бапкерлер штабының қарамағында көрсеткіштері жоғары Юргис Дубинскас та бар (СК=2,1; 93,2%).

Плей-офф басталар алдында астаналықтар соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, 21 шайба соқты. «Алматы» осыған ұқсас кезеңде небәрі екі рет жеңіске жетті, оның біреуін оңтүстік астана ұжымы буллиттер сериясында еншіледі.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.