Торпедо – Бейбарыс сериясы алдында

22 aqpan
464

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ширек финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.

«Торпедо» (2) – «Бейбарыс» (7)

Жеңістер/ұпайлар: 40/84 – 24/52.

Тұрақты чемпионатта салынған/өткізілген шайбалар: 236/94 – 157/169.

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Дмитрий Гренц (63 балл, 17+46) – Алексей Клочков (36 балл, 17+19).

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:1, 1:2, 5:1, 3:2, 2:3 Б, 4:1.

Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Максим Мусоров (7 балл, 2+5) – Анатолий Шишов (3 балл, 2+1).


Осы маусымда «Торпедо» «Бейбарыспен» өткен алты өзара кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. Атыраулықтар өскемендіктер қақпасына бар болғаны 9 шайба соқты (бір ойындағы жеңіс буллитін есептемегенде).

Андрей Корабейников шәкірттері тұрақты чемпионаттың ең нәтижелі командасы атанды әрі қорғаныста да үздік ойын көрсетті. «Торпедо» – чемпионатта 100 шайбадан аз гол жіберген жалғыз ұжым. Ал «Бейбарыс» «тұрақты» маусымды соғылған және жіберілген шайбалар айырмасы теріс көрсеткішпен аяқтады.

Өскемендік Дмитрий Гренц чемпионаттың екінші үздік ассистенті атанды (46 нәтижелі пас).

«Торпедоның» тағы бір өкілі Фёдор Хорошев қорғаушылар арасындағы үздік бомбардирлер үштігін түйіндеді (8+30).

Шығысқазақстандықтардың қақпашылар бригадасын лигадағы ең мықты деп атауға болады. Андрей Янков бір матчта орта есеппен 1,5 шайба жіберіп, 93,7% соққыны қайтарды және бес рет «құрғақ» ойын өткізді. Владислав Пестов бір мәрте қақпасына шайба жуытпай, 92,7% соққыны қайтарды, сенімділік коэффициенті – 1,9.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.