Хоккейден Қазақстан чемпионаты ширек финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын бастаймыз.
«Арлан» (4*) – «Құлагер» (5)
* мұнда және әрі қарай – тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша орны
Жеңістер/ұпайлар: 34/73 – 34/71.
Тұрақты чемпионатта салынған/өткізілген шайбалар: 173/138 – 174/125.
Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Степан Санников (65 балл, 22+43) – Евгений Попитич (50 балл, 19+39).
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 2:1, 2:3, 1:0, 1:4, 1:2 Б, 2:1 ОТ.
Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Степан Санников (6 балл, 3+3) – Артём Гончаров (4 балл, 1+3).
Маусымдағы өзара кездесулерде географиялық көршілер ұпайларды тең бөлісті. Оның үстіне ойындар аса нәтижелі болған жоқ – «Арлан» мен «Құлагер» екеуі қосылып бар болғаны 20 шайба соқты (бір матчқа орта есеппен 3,33 гол).
Жалпы алғанда, командалар шабуыл нәтижелілігі жағынан шамалас көрсеткіш көрсетті. Ал жіберілген шайбалар тұрғысынан петропавлдықтар сәл жақсырақ көрінеді.
«Арланның» ойыншысы Степан Санников лиганың үздік бомбардирлері арасындағы топ-5 қатарын түйіндеді. Евгений Попитич – «Құлагер» сапындағы 50 ұпай межесіне жеткен жалғыз ойыншы.
«Көкшелік» Арсений Борисов (8+31) өткен тұрақты чемпионатта қорғаушылар арасындағы нәтижелілігі бойынша екінші орын алды.
Петропавлдық Антон Осокин қайтарылған соққылар пайызы (92,6) және сенімділік коэффициенті (2,2) бойынша лиганың бесінші қақпашысы атанды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager