Өскемен мен Астанада хоккей маусымының екінші кезеңінің қорытынды кездесулері өтті.

«Торпедо» мен «Горняк» негізгі және овертаймды қосқанда 65 минут ішінде бірде-бір шайба соға алмады. Нәтижесінде матч жеңімпазы буллиттер сериясында анықталды. Өскемендік командаға екі ұпайды Илья Кляузов әкелді. Алаң иелерінің қақпашысы Андрей Янков 16 сейв жасаса, оның қарсыласы Владислав Нурек қақпаға бағытталған 42 соққыны қайтарды.
Тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша Андрей Корабейниковтың шәкірттері 84 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Ал «Горняк» 57 ұпаймен алтыншы сатыға жайғасты.
«Торпедо» - «Горняк» 1:0 Б (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)
1:0 - 65:00 – Кляузов ПБ
Қақпашылар: Янков - Нурек

«Номад» «Алматыны» тағы да жеңіп, Константин Пушкарёвтың шәкірттері тұрақты чемпионаттың жеңімпазы атанды. «Көшпенділер» сапында Саян Данияр мен Николай Шульга мергендік танытты, ал Артур Ғатиятов алматылықтардың бос қақпасына шайба соғып, өз есебін толықтырды.
Осылайша, «көшпенділер» 86 ұпай жинады. Ал оңтүстік астана ұжымы 46 баллмен кубоктік сегіздіктің соңғы сатысына тұрақтады.
«Номад» - «Алматы» 3:1 (2:0, 0:1, 1:0)
1:0 - 05:09 - Данияр (Гусейнов, Гатиятов)
2:0 - 15:17 - Шульга (Цыбин)
2:1 - 21:19 - Анисимов
3:1 - 59:43 - Гатиятов (Гусейнов) ПВ
Қақпашылар: Дубинскас - Клоберданец
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager