Көкшетау, Ақтөбе және Астанада Pro Ligasy тұрақты чемпионаты аясындағы жауапты кездесулер өтті.

«Сарыарқа» тұрақты маусымдағы соңғы ойынында Петропавлда жеңіліп, турнир кестесінің жоғарғы сатысындағы орнын әлсіретті. «Құлагер» сапынан Александр Своеволин мен Герман Шапорев (екеуі де 1+2) үш ұпайдан еншіледі. Антон Осокин 32 сейв жасады.
Осылайша, қарағандылықтар 83 ұпай жинады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш көш басында қалуға мүмкіндік беріп отыр. Алайда «сары-қараларды» өкшелеп қуып келе жатқан «Номад» пен «Торпедоның» әлі де бірнеше ойыны бар, сондықтан үздік үштіктегі күштер арақатынасы өзгеруі мүмкін. Ал «Құлагер» плей-офф қарсаңында турнир кестесіндегі бесінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
«Құлагер» - «Сарыарқа» 4:1 (2:1, 1:0, 1:0)
1:0 - 02:22 - Бурлака (Своеволин, Шапорев)
2:0 - 04:23 - Шапорев (Мұқанов, Своеволин) ГБ
2:1 - 19:40 - Волков (Смольянинов)
3:1 - 37:05 - Своеволин (Шапорев, Коваленко)
4:1 - 40:50 - Марқабаев (Бурделёв)
Қақпашылар: Осокин - Кадочников

«Алматы» тұрақты маусымдағы соңғы үй матчында «Бейбарыстан» сенімді қарымта қайтарды. Алаң иелері сапынан Денис Гафаров дубль авторы атанды. Алайда кездесудің басты кейіпкері 50 сейв жасаған қақпашы Максим Клоберданц болды. Атыраулықтардың абырой шайбасын Артём Авдеенко соқты.
«Алматы» - «Бейбарыс» 6:1 (2:0, 1:1, 3:0)
1:0 - 09:30 - Петрасюк (Белоус)
2:0 - 16:39 - Гафаров (Жульдиков, Айдуков)
3:0 - 21:41 - Гусейнов (Машинец, Атаханов)
3:1 - 22:39 - Авдеенко (Ананичев, Казаченко)
4:1 - 47:05 - Гафаров (Анисимов)
5:1 - 47:56 - Атаханов (Гусейнов, Жульдиков)
6:1 - 56:35 - Валиев ПВ
Қақпашылар: Клоберданец - Байдек (Осипов, 21:41-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager