Апта матчтары. Номад – Торпедо

10 aqpan
292

10 және 11 ақпанда елордада Астана мен Өскемен командалары кездеседі. Бұл текетірестің нәтижесі тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігіндегі орындардың бөлінуіне тікелей әсер етеді.

Бас бапкер ретінде екінші маусымын өткізіп жатқан Андрей Корабейников шәкірттері кезекті турға алты матчтан тұратын жеңісті сериямен келіп отыр. «Торпедо» қатарынан «Ертісті», «Ақтөбені» және «Алматыны» екі реттен жеңіп, осы аралықта 46 шайба соқты. Дегенмен, биылғы маусымда өскемендіктердің басты артықшылығы – қорғаныс шебі. Команда өз қақпасына небәрі 84 шайба жіберген – бұл Лигадағы ең үздік көрсеткіш.

Қарсы бетте – Pro Ligasy додасының дебютанты Константин Пушкарёв баптайтын, шабуылда ойнауды ұнататын «Номад» (маусымда 211 гол). «Көшпенділер» «Сарыарқаны» қуып жетуге тырысып, соңғы төрт матчтың үшеуінде жеңіске жетті.

Маусымдағы өзара кездесулерде әзірге «Торпедо» алда – олар үш ойында басым түсті. Командалардың үздік бомбардирлері – Дмитрий Гренц (17+38) және Артур Гатиятов (13+34).


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.