Сарыарқа қателікке жол бермеді, Ертіске қарсы матчта Воробьёв хет-трик жасады, Торпедо жеңіске жетті

7 aqpan
852

Атырау, Көкшетау және Петропавл қалаларында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының матчтарын қадағалаймыз.

«Сарыарқа» «Ақтөбемен» өткен кездесуде сүрінбей өтті. Александр Борисевич қарсыластар қақпасын екі рет дәл көздеді. Қарағандылық ұжым чемпионаттың турнир кестесінде көш бастап келеді.

«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 4:1 (2:1, 0:0, 2:0)

1:0 - 08:33 - Лихотников (Пономарёв, Фазлеев)

2:0 - 16:29 - Борисевич (Барбашев, Кузьменко)

2:1 - 18:01 - Козорез

3:1 - 54:12 - Борисевич (Кузьменко, Барбашев)

4:1 - 58:27 - Карабань (Лихотников, Фазлеев)

Қақпашылар: Ибрагимов - Костюков

«Құлагер» өз қоржынына екі ұпайды аса қиындықсыз қосты. «Ертіспен» өткен екінші кездесуде Александр Воробьёв хет-трик жасады, ал Дмитрий Исмагилов серіктестеріне төрт нәтижелі пас берді.

«Құлагер» - «Ертіс» 7:1 (3:0, 4:0, 0:1)

1:0 - 00:36 - Попитич (Воробьёв, Исмагилов)

2:0 - 06:45 - Воробьёв (Попитич, Исмагилов)

3:0 - 17:29 - Воробьёв (Исмагилов, Гончаров)

4:0 - 25:24 - Свинтальский (Штефан)

5:0 - 32:34 - Воробьёв (Исмагилов)

6:0 - 34:38 - Махамадеев (Двуреченский, Мартынов)

7:0 - 36:41 - Бурлака (Штефан, Свинтальский)

7:1 - 57:21 - Пак (Билимбаев)

Қақпашылар: Осокин - Нечвиенко

«Торпедо» «Алматының» қақпасына жауапсыз алты шайба соқты. Максим Мусоров алаң иелерінің нәтижелі шабуылдарының тең жартысына (1+2) қатысса, Андрей Янков 25 сейв жасап, көзге түсті.

«Торпедо» - «Алматы» 6:0 (3:0, 1:0, 2:0)

1:0 - 00:17 - Рахманов (Руденков, Мусоров)

2:0 - 12:20 - Мусоров (Хорошев, Боровиков)

3:0 - 14:48 - Боровков

4:0 - 36:36 - Колобов (Глухих)

5:0 - 48:10 - Рунов (Боровков) ГМ

6:0 - 56:26 - Хорошев (Рахманов, Мусоров)

Қақпашылар: Янков - Эрштейн


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.