Торпедо мен Сарыарқаның үйдегі жеңістері

6 aqpan
207

Қазақстан чемпионатының Өскемен мен Қарағандыда өтіп жатқан матчтарын бақылаймыз.

«Торпедо» өз айдынында «Алматының» қарсылығын еңсере білді. Алаң иелері сапынан Александр Панченко дубль авторы атанды. Өскемендік қақпашы Владислав Пестов қақпаға бағытталған 23 соққыны қайтарды.

«Торпедо» - «Алматы» 4:2 (1:1, 2:0, 1:1)

1:0 - 16:06 - Колобов (Рыжий, Боровков)

1:1 - 19:37 - Гафаров (Эрштейн, Жульдиков) ГБ

2:1 - 21:20 - Панченко (Быков, Гренц)

3:1 - 28:01 - Панченко (Боровиков, Мусоров) ГБ

3:2 - 54:27 - Анисимов (Гафаров, Валиев)

4:2 - 59:52 - Кляузов (Мусоров, Боровиков) ПВ

Қақпашылар: Пестов - Эрштейн

11 голға толы тартысты кездесуде «Сарыарқа» «Ақтөбеден» басым түсті. Матчтың ең нәтижелі ойыншысы алаң иелерінің шабуылшысы Радель Фазлеев болды – оның еншісінде екі шайба мен екі нәтижелі пас бар. Сондай-ақ Данила Карабань да дубль авторы атанды. Батысқазақстандықтардың үш бірдей нәтижелі шабуылына Захар Захаров тікелей қатысып (1+2), көзге түсті.

«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 8:3 (2:0, 3:2, 3:1)

1:0 - 10:49 - Кузьменко (Борисевич, Шульга) ГМ

2:0 - 13:57 - Барбашев (Кузьменко)

2:1 - 23:05 - Захаров (Плотников, Трибунский) ГБ

3:1 - 24:06 - Фазлеев (Карабань, Борисевич)

4:1 - 25:43 - Карабань (Сиксна, Лихотников) ГБ

5:1 - 26:13 - Фазлеев (Михайлов, Королинский) ГБ

5:2 - 28:25 - Аргымбаев (Захаров) ГМ

6:2 - 43:15 - Карабань (Фазлеев, Михайлов)

7:2 - 51:39 - Борисевич (Барбашев, Кузьменко)

8:2 - 58:44 - Смольянинов (Фазлеев, Барбашев) ГБ

8:3 - 58:56 - Плотников (Захаров)

Қақпашылар: Кадочников - Дубович (Костюков, 26:13-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.