Pro Ligasy-ның Қарағандыдағы, Атырау мен Рудныйдағы матчтарын бақылаймыз.

«Сарыарқа» «Арланды» тағы да жеңіп, турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын нығайта түсті. Кездесудің басты қаһарманы – хет-трик жасаған қарағандылықтардың шабуылшысы Егор Кузьменко. Данил Кадочников қарсыластардың қақпаға бағытталған 24 соққысын қайтарып, өз командасын құтқарып қалды.
«Сарыарқа» - «Арлан» 5:2 (2:1, 2:0, 1:1)
0:1 - 05:28 - Преснов (Санников, Кравченко)
1:1 - 15:08 - Борисевич (Степаненко)
2:1 - 18:55 - Кузьменко (Барбашев, Борисевич)
3:1 - 27:05 - Сиксна (Кузьменко, Карабань) ГБ
4:1 - 36:39 - Кузьменко ГМ
5:1 - 56:38 - Кузьменко ШБ
5:2 - 58:11 - Орлов (Борисов, Санников) ГБ
Қақпашылар: Кадочников - Мейдер (Истомин, 20:00-59:12)

«Горняк» пен «Номадтың» екінші кездесуі алаң иелерінің пайдасына шешілді. Шешуші серпілісті Сергей Невструев шәкірттері екінші кезеңде жасап, Оскар Юлбарисов пен Валерий Гурин шайбаларымен көзге түсті. Кездесудің соңында рудныйлықтардың капитаны Юлбарисов «көшпенділердің» бос қақпасына дәл соққы жасап, дубль авторы атанды. Владислав Нурек 32 сейв жасады.
«Горняк» - «Номад» 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)
1:0 - 24:30 - Юлбарисов (Горожанинов) ГМ
2:0 - 36:25 - Гурин (Лазарев, Степанов)
3:0 - 56:54 - Юлбарисов ПВ
Қақпашылар: Нурек - Дубинскас

«Бейбарыс» пен «Құлагер» арасындағы екінші ойынның негізгі оқиғалары шешуші үшінші кезеңде өтті. Осы уақытта петропавлдықтар қарсылас қақпасына екі шайба соқты. Сұрмергендер Артём Бурделёв пен Батыр Маркабаев өз есептерін толықтырды. Антон Осокин қақпаға бағытталған 32 соққыны тойтарды. Осы жеңістің арқасында Андрей Спиридонов шәкірттері 60 ұпай межесіне жетті.
«Бейбарыс» - «Құлагер» 0:2 (0:0, 0:0, 0:2)
0:1 - 48:43 - Бурделёв (Маркабаев)
0:2 - 55:35 - Маркабаев (Базанов)
Қақпашылар: Байдек - Осокин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager