Торпедо жеңіс сериясын ұзартты, Ертіс маусымдағы үшінші матчын жеңді

3 aqpan
332

Pro Ligasy-ның ел шығысындағы матчтарын бақылаймыз.

«Ақтөбе» Өскеменнен ұпайсыз қайтты. Командалардың екінші кездесуі де алаң иелерінің толық басымдығымен өтті: олар қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізіп, осы маусымдағы тұрақты чемпионатта 70 ұпай межесіне жетті. Никита Колобов екі шайба соғып, екеуін де артық құраммен жүзеге асырды. Владислав Пестов қақпаға бағытталған 19 соққыны қайтарды.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 5:1 (2:1, 1:0, 2:0)

0:1 - 06:34 - Козорез (Цихоцкий, Надейкин)

1:1 - 07:59 - Боровков

2:1 - 13:45 - Мусоров (Панченко) ГБ

3:1 - 31:40 - Кляузов (Мусоров, Рахманов)

3:1 - 35:59 - Боровков

4:1 - 54:39 - Колобов (Рунов) ГБ

5:1 - 57:41 - Колобов (Хорошев, Кляузов) ГБ

Қақпашылар: Пестов - Ершов

Павлодарлықтар кеше овертаймда болған жеңілістен кейін тиісті қорытынды жасап, бүгін көпшілік үшін күтпеген түрде «Алматыдан» есе қайтарды. Бұл жеңіс «Ертіс» үшін маусымдағы небәрі үшінші жеңіс болды. Алаң иелері сапынан Марсель Бекбаев, Иван Шкленник және қонақтардың бос қақпасына шайба соққан Адам Евлоев көзге түсті. Кездесудің басты қаһарманы қақпашы Вячеслав Нечвиенко атанды – ол өз есебіне 50 сейв жазды.

«Ертіс» - «Алматы» 3:1 (0:1, 1:0, 2:0)

0:1 - 04:00 - Валиев (Петрасюк, Потырка)

1:1 - 32:09 - Бекбаев (Шкленник, Медведков) ГБ

2:1 - 48:40 - Шкленник (Жабунин, Білімбаев) ГБ

3:1 - 59:46 - Евлоев (Нечвиенко) ПВ

Қақпашылар: Нечвиенко - Клоберданец


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.