«Сарыарқаның» жігерлі жеңісі, Атырау мен Павлодардағы овертаймдар

2 aqpan
313

Pro Ligasy-ның Қарағанды, Атырау және Павлодар қалаларындағы матчтарын бақылаймыз.

«Сарыарқа» өз алаңында «Арланға» қарсы алғашқы ойында керемет жігерлі жеңіске жетіп, матч барысында 0:3 есебінен қайта оралды. Қарағандылықтар камбэкті үшінші кезеңде түйіндеді — осы аралықта алаң иелері қарсыластарын үш рет қапы қалдырды. Шешуші шайбаның авторы Радель Фазлеев болса, бұған дейін Евгений Королинский маусымдағы командасының 200-ші голын соқты. Көкшетаулықтар құрамында Вадим Кравченко дубльмен көзге түсті. Владимир Князевтің шәкірттері тұрақты чемпионаттағы бірінші орнын сақтап отыр.

«Сарыарқа» - «Арлан» 5:4 (0:2, 2:2, 3:0)

0:1 - 16:38 - Преснов (Санников)

0:2 - 19:59 - Кравченко (Борисов, Санников)

0:3 - 29:45 - Кравченко (Борисов, Санников) ГБ

1:3 - 30:10 - Кузьменко (Барбашев, Смольянинов)

2:3 - 32:09 - Карабань (Фазлеев)

2:4 - 39:28 - Санников (Преснов)

3:4 - 48:56 - Королинский (Волков, Пархоменко)

4:4 - 53:20 - Михайлов (Фазлеев, Карабань)

5:4 - 54:51 - Фазлеев (Лихотников, Карабань)

Қақпашылар: Кадочников - Мейдер

«Бейбарыс» пен «Құлагер» арасындағы кездесуде жеңімпаз тек овертаймда анықталды. Петропавлдықтарға екі ұпайды дубль авторы Евгений Попитич алып келді. Қонақтар қақпашысы Антон Осокин атыраулықтардың есепті өзгертуге бағытталған 23 әрекетіне тосқауыл қойды.

«Бейбарыс» - «Құлагер» 3:4 ОТ (1:1, 2:2, 0:0, 0:1)

1:0 - 02:06 - Казаченко (Колотыгин)

1:1 - 14:42 - Попитич (Воробьёв, Исмагилов) ГБ

1:2 - 24:09 - Исмагилов (Мартынов, Попитич)

1:3 - 25:29 - Своеволин (Коваленко, Шапорев)

2:3 - 31:40 - Авдеенко (Ковзалов, Васин)

3:3 - 34:06 - Гасников (Колотыгин, Актаев)

3:4 - 63:00 - Попитич (Своеволин)

Қақпашылар: Микушин (Осипов, 25:29-63:00) - Осокин

«Ертіс» пен «Алматы» арасындағы матчта да негізгі уақыт жеңімпазды анықтауға жеткіліксіз болды. Айта кетерлігі, кездесу барысында қонақтар үш шайбалық басымдыққа ие болғанымен, павлодарлықтар керемет камбэк жасауға күш тапты. Дегенмен овертаймда Егор Анисимовтың дәл соққысының арқасында оңтүстік астаналық ұжым өз дегеніне жетті.

«Ертіс» - «Алматы» 4:5 ОТ (0:2, 3:1, 1:1, 0:1)

0:1 - 15:39 - Потырка (Машинец, Габдуллин)

0:2 - 19:40 - Андрусенко (Валиев, Анисимов) ГБ

0:3 - 20:28 - Машинец (Филиппенко) ГБ

1:3 - 25:47 - Игушкин (Бабешко, Білімбаев)

2:3 - 31:37 - Анцельм (Индюков, Симеониди)

3:3 - 39:29 - Жабунин (Пак, Білімбаев) ГБ

3:4 - 47:05 - Габдуллин (Ананичев, Анисимов)

4:4 - 58:21 - Дьяченко

4:5 - 63:09 - Анисимов (Ананичев, Валиев)

Қақпашылар: Нечвиенко - Клоберданец


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.