Pro Ligasy-ның Өскемен мен Рудный қалаларындағы матчтарын бақылап отырмыз.

«Торпедо» сәтті сериясын жалғастырып, өз алаңында «Ақтөбені» жеңді. Кездесудегі шешуші екінші кезең болды – дәл осы уақытта өскемендіктер шешуші серпін жасады. Алаң иелерінің төрт голдық шабуылына Михаил Рахманов тікелей қатысып (1+3) көзге түсті, ал Илья Кляузов дубль жасап, маусымдағы өз командасының 200-ші шайбасын соқты. Андрей Янков қақпаға бағытталған 24 соққыны қайтарды. Андрей Корабейниковтің шәкірттері «Арланның» қателігін тиімді пайдаланып, турнир кестесіндегі аралық үшінші орынға қайта оралды.
«Торпедо» - «Ақтөбе» 6:2 (1:0, 3:1, 2:1)
1:0 - 11:30 - Гренц (Рахманов, Боровиков) ГБ
2:0 - 30:29 - Пелевин (Боровков, Колобов)
3:0 - 35:10 - Кляузов (Хорошев, Рахманов)
3:1 - 36:05 - Поленов (Плотников)
4:1 - 39:59 - Рахманов (Мусоров, Кляузов)
5:1 - 43:44 - Глухих (Каиров)
5:2 - 50:11 - Сайко (Трибунский, Плотников) ГБ
6:2 - 59:41 - Кляузов (Мусоров, Рахманов)
Қақпашылар: Янков - Костюков (Дубович, 43:44-60:00)

«Горняк» пен «Номад» Рудныйда көрермендерге нағыз тартысты матч сыйлап, қос команда бірігіп 11 шайба соқты. Бүгін дәлдігімен елордалық хоккейшілер көзге түсіп, шешуші басымдықты соңғы кезеңде өз пайдасына аударды. Артур Гатиятов, Вячеслав Колесников және Роман Старченко қарсылас қақпасын екі реттен дәл көздеді, ал Старченко өз еншісіне 4 ұпай (2+2) жазды. Дәл осындай көрсеткішті Мади Диханбек те тіркеді (1+3). Айта кетерлігі, «көшпенділер» бұл ойында маусымдағы 200 шайбалық межесінен де асты.
«Горняк» - «Номад» 4:7 (2:1, 2:2, 0:4)
1:0 - 03:14 - Гурин (Куршук) ГБ
1:1 - 07:13 - Гатиятов (Данияр)
2:1 - 15:07 - Барабаш (Гурин) ГБ
2:2 - 28:07 - Колесников (Гусейнов, Мангисбаев) ГБ
3:2 - 29:39 - Анисимов
4:2 - 35:54 - Юлбарисов (Гурин, Кротов)
4:3 - 39:11 - Диханбек (Старченко, Бутенко)
4:4 - 42:43 - Старченко (Гатиятов, Бутенко)
4:5 - 46:04 - Колесников (Диханбек, Старченко)
4:6 - 46:23 - Гатиятов (Диханбек, Данияр)
4:7 - 47:18 - Старченко (Данияр, Диханбек) ГБ
Қақпашылар: Тихонов - Калмыков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager