Ағымдағы маусымның плей-офф кезеңіне қатысатын барлық командалар белгілі болды.
«Алматы» өз алаңында «Ақтөбені» тағы да жеңіп, қарсыластарынан қауіпсіз арақашықтыққа ұзап кетті. Алаң иелері құрамында Александр Ананичев пен Юрий Андрусенко екі ұпайдан (екеуі де 1+1) еншіледі. Осылайша, оңтүстік астананың ұжымы кубоктық кезеңге берілетін соңғы – сегізінші жолдаманы иеленді. Ал «Ақтөбе» өз маусымын тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша аяқтайды.
«Алматы» - «Ақтөбе» 4:1 (1:0, 2:1, 1:0)
1:0 - 00:35 - Анисимов (Ананичев)
2:0 - 20:45 - Андрусенко (Гусейнов)
3:0 - 21:59 - Белоус (Андрусенко, Акпирганов)
3:1 - 34:54 - Ищенко (Киселёв, Цихоцкий) ГБ
4:1 - 45:51 - Ананичев (Жульдиков, Гафаров) ГБ
Қақпашылар: Клоберданец (Яковенко, 56:33-60:00) - Костюков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager