Сарыарқа көшбасшылығын нығайтты, Көкшетаудағы овертайм, Торпедоның 16 голы

30 qańtar
410

Жұма күніне Қазақстан чемпионатында шайбалы хоккейден төрт кездесу жоспарланған.

«Номад» пен «Сарыарқа» арасындағы екінші ойында да қонақтар жеңіске жетті. Қарағандылықтар өз мүмкіндіктерін тиімдірек пайдаланып, соңғы үшінші кезеңде таразы басын өз пайдасына аудара білді. Шайбалардың авторлары — Захар Пархоменко мен Данила Карабань. Данила Кадочниковтің еншісінде 31 сейв бар.Владимир Князевтің шәкірттері «көшпенділерден» үш ұпайға ұзап кетті, алайда елордалық ұжымның әлі де үш ойыны қорда бар.

«Номад» - «Сарыарқа» 1:2 (0:0, 0:0, 1:2)

0:1 - 51:03 - Пархоменко (Степанов, Пономарёв)

1:1 - 52:45 - Шульга (Гайтамиров)

1:2 - 57:03 - Карабань

Қақпашылар: Калмыков - Кадочников

«Арлан» мен «Бейбарыс» арасындағы екінші кездесу тек овертаймда аяқталды. Алаң иелеріне жеңіс әкелген дәл соққыны Дмитрий Преснов орындады, ол Вадим Кравченкомен бірге матчтың ең нәтижелі ойыншысы атанды. «Көкшеліктер» тұрақты чемпионаттың аяқталуына сегіз ойын қалғанда турнир кестесіндегі үшінші орнын сақтап отыр.

«Арлан» - «Бейбарыс» 4:3 ОТ (1:0, 1:3, 1:0, 1:0)

1:0 - 08:03 - Беляев (Орлов, Кравченко) ГБ

2:0 - 26:40 - Санников (Преснов, Кравченко)

2:1 - 29:45 - Гасников (Клочков)

2:2 - 32:22 - Казаченко (Васин, Корчагин)

2:3 - 36:58 - Ананичев (Стулов, Шингареев) ГБ

3:3 - 43:07 - Кравченко (Преснов) ГБ

4:3 - 62:22 - Преснов (Недилько) ГБ

Қақпашылар: Истомин (Мейдер, 36:58-62:22) - Микушин

«Торпедо» «Ертісті» тағы да ойсырата жеңді. Никита Колобов хет-трик жасап, сондай-ақ төрт нәтижелі пасымен көзге түсті. Дмитрий Быков пен Владимир Боровков қарсылас қақпасын екі реттен дәл көздеді.

«Ертіс» - «Торпедо» 1:16 (0:5, 1:4, 0:7)

0:1 - 02:24 - Гренц (Алдабергенов, Панченко)

0:2 - 08:50 - Панченко (Быков, Гренц)

0:3 - 09:03 - Колобов (Яковлев, Боровков)

0:4 - 12:40 - Боровков (Колобов)

0:5 - 17:02 - Быков (Рысбеков, Глухих)

1:5 - 22:09 - Бекбаев (Медведков)

1:6 - 22:49 - Колобов (Хорошев, Яковлев) ГБ

1:7 - 23:56 - Медведев (Мусоров, Боровиков)

1:8 - 31:54 - Быков (Боровков, Колобов)

1:9 - 35:20 - Колобов (Хорошев)

1:10 - 40:51 - Мусоров (Хорошев)

1:11 - 46:01 - Боровков (Колобов, Яковлев)

1:12 - 46:56 - Алдабергенов (Панченко, Гренц)

1:13 - 47:38 - Гавриленко (Рысбеков, Рыжий)

1:14 - 51:54 - Глухих (Дубинкин, Алдабергенов)

1:15 - 54:26 - Рахманов (Хорошев, Мусоров)

1:16 - 55:09 - Яковлев (Гавриленко, Колобов)

Қақпашылар: Какенов (Челайдюк, 12:40-23:56, 47:38-60:00) - Пестов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.