Арлан үштіктегі орнын сақтады, Горняк Құлагерді екінші рет жеңді, Алматы Ақтөбені шаң қаптырды

29 qańtar
224

Pro Ligasy-ның Көкшетау, Рудный және Алматы қалаларындағы матчтарын бақылаймыз.

Екі түбегейлі қарсылас — «Арлан» мен «Бейбарыс» арасындағы кездесуде «көкшеліктер» басым болды. Алаң иелері сан басымдығындағы мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, нәтижесінде чемпионат көшбасшыларының үштігіндегі орнын сақтап қалды. Шешуші соққының авторы Вадим Кравченко атанса, Дмитрий Преснов өз командасының барлық нәтижелі шабуылына қатысып (1+2) көзге түсті. Тимур Мейдер 25 сейв жасады.

«Арлан» - «Бейбарыс» 3:2 (2:1, 1:1, 0:0)

0:1 - 08:06 - Васин (Шишов, Шлычков)

1:1 - 14:35 - Орлов (Кравченко, Преснов) ГБ

2:1 - 15:45 - Преснов (Борисов)

3:1 - 31:52 - Кравченко (Преснов, Гопиенко) ГБ

3:2 - 39:06 - Стулов (Асуханов, Гасников) ГБ

Қақпашылар: Мейдер - Осипов (Микушин, 15:45-59:22)

«Горняк» пен «Құлагердің» екінші кездесуінде де арнайы бригадалардың ойыны алдыңғы орынға шықты. Нәтижесінде рудныйлықтар Петропавлдан келген қарсыластарын екінші мәрте жеңіп, сан басымдығын үш рет сәтті іске асырды. Жеңіс шайбасын Данила Платонов соқты, ал Владислав Нурек өз командасына 29 сейв жасап көмектесті.

«Горняк» - «Құлагер» 3:2 (1:0, 1:2, 1:0)

1:0 - 15:09 - Кротов (Юлбарисов, Гурин) ГБ

2:0 - 24:27 - Степанов (Куршук, Гурин) ГБ

2:1 - 26:37 - Гончаров (Тунхузин, Попитич) ГБ

2:2 - 31:41 - Попитич (Исмагилов)

3:2 - 49:05 - Платонов (Степанов, Лазарев) ГБ

Қақпашылар: Нурек - Осокин

«Алматы» плей-оффқа шығу жолындағы тікелей бәсекелесін жеңіп, аса маңызды жеңіске қол жеткізді. Сұрмергендер Диас Атаханов пен Арлан Ақпирғанов өз есептерін толықтырды. Максим Клоберданец қақпаға бағытталған 17 соққыны қайтарды. Ертең бүгінгі нәтижені қайталаған жағдайда, оңтүстік астаналық ұжым тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша үздік сегіздіктен орын алуды алдын ала қамтамасыз ете алады.

«Алматы» - «Ақтөбе» 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 14:49 - Атаханов (Гусейнов, Машинец)

2:0 - 22:54 - Акпирғанов (Габдуллин, Андрусенко)

Қақпашылар: Клоберданец - Дубович


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.