Сарыарқа Номадты ойсырата жеңді, Торпедо Ертісті жеңді, Мусоров 6 ұпай жинады

29 qańtar
366

Pro Ligasy-ның Астана мен Павлодардағы матчтарын бақылаймыз.

Маусым көшбасшыларының текетіресінде «Сарыарқа» сенімді жеңіске жетті – олар ойынның бастапқы бөлігінде-ақ елордалық қарсыластарын екі мәрте қапы қалдырды. Нәтижесінде «көшпенділер» тек соңғы кезеңде ғана ес жиғанымен, бұл кездесу тағдырына әсер еткен жоқ. Қонақтар сапында Егор Смольянинов дубльмен көзге түссе, «сары-қаралардың» үш нәтижелі шабуылына Радель Фазлеев тікелей қатысып (1+2) үлес қосты. Осы матчтан кейін командалар турнир кестесінде орын алмастырып, Владимир Князев шәкірттері қайтадан бірінші орынға көтерілді.

«Номад» - «Сарыарқа» 2:7 (0:2, 0:3, 2:2)

0:1 - 02:22 - Сиксна (Пальмтаг, Пархоменко)

0:2 - 06:01 - Фазлеев (Лихотников, Карабань)

0:3 - 22:20 - Барбашев (Смольянинов, Кузьменко)

0:4 - 31:56 - Дёмин (Волков, Михайлов) ГБ

0:5 - 37:05 - Лихотников (Сиксна, Фазлеев)

1:5 - 44:03 - Бейсембаев (Маңғысбаев, Старченко)

2:5 - 51:48 - Старченко (Оразов, Муратов)

2:6 - 56:52 - Смольянинов (Фазлеев, Михайлов) ПВ

2:7 - 59:38 - Смольянинов ГБ

Қақпашылар: Дубинскас (Никитин, 37:05-60:00) - Кадочников (Кудимов, 58:48-59:37)

«Торпедо» Павлодардан келген географиялық көршілеріне еш мүмкіндік қалдырмады. «Ертіс» қақпасына жауапсыз тоғыз шайба соғылды. Максим Мусоров керемет ойын көрсетіп, 6 (2+4) ұпай жинады. Қонақтардың төрт голдық шабуылына Михаил Рахманов қатысса, Андрей Янков қақпаға бағытталған 14 соққыны қайтарды.

«Ертіс» - «Торпедо» 0:9 (0:2, 0:3, 0:4)

0:1 - 07:59 - Боровков (Колобов, Рыжий)

0:2 - 16:35 - Панченко (Пелевин, Мусоров) ГБ

0:3 - 30:44 - Каиров (Рахманов, Мусоров)

0:4 - 31:46 - Рифель (Глухих, Гавриленко)

0:5 - 33:01 - Рахманов (Мусоров, Пелевин) ГБ

0:6 - 42:19 - Гавриленко (Мусоров, Рахманов) ГБ

0:7 - 45:27 - Мусоров (Алдабергенов, Гренц)

0:8 - 45:53 - Медведев (Гавриленко, Рыжий)

0:9 - 59:18 - Мусоров (Рахманов, Медведев)

Қақпашылар: Нечвиенко (Челайдюк, 42:19-60:00) - Янков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.