Қазақстан чемпионатындағы хоккейден жұмыс аптасы төрт кездесумен басталады.

«Сарыарқа» Өскемен командасымен өткен екінші матч барысында екі рет есепте ұтылып жатты, алайда қарағандылықтар жігер танытып, есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып алды. Кездесудің қаһарманы Данила Карабань атанды — ол ойынның аяқталуына 41 секунд қалғанда шешуші шайбаны соғып, дубль жасады. «Сары-қаралар» тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орын үшін күресін жалғастырып келеді.
«Сарыарқа» - «Торпедо» 3:2 (1:1, 0:1, 2:0)
0:1 - 15:39 - Боровков (Колобов)
1:1 - 17:40 - Барбашев (Наместников, Смольянинов)
1:2 - 20:49 - Рахманов (Панченко, Гренц) ГБ
2:2 - 42:45 - Карабань (Сиксна, Кузьменко) ГБ
3:2 - 59:19 - Карабань (Лихотников, Михайлов)
Қақпашылар: Кадочников - Пестов

Петропавлда өткен екінші солтүстік дерби де негізгі уақыттан тыс аяқталды. Бүгін көкшетаулықтар дәлдігімен көзге түсті — сұрмерген Степан Санников өзесебін дубльмен толықтырды, оның екі шайбасы да артық құраммен соғылды. Вадим Кравченко командаластарына екі мәрте нәтижелі пас берді. Қонақтар қақпашысы Владимир Истомин қақпаға бағытталған 32 соққыны тойтарды.
«Құлагер» - «Арлан» 1:2 ОТ (0:0, 0:1, 1:0, 0:1)
0:1 - 26:19 - Санников (Преснов, Кравченко) ГБ
1:1 - 49:08 - Своеволин (Шапорев) ГМ
1:2 - 61:22 - Санников (Кравченко, Недилько) ГБ
Қақпашылар: Осокин - Истомин

«Ақтөбе» мен «Бейбарыс» арасындағы екінші матч та овертаймда аяқталды. Негізгі уақытта қос команда жалпы есеппен он шайба соқты. Нәтижесінде екі ұпайды атыраулықтар иеленді — шешуші голдың авторы Анатолий Шишов болды. Қонақтар сапында Дмитрий Стулов дубльмен көзге түсті.
Алаң иелері жеңіліске қарамастан, плей-оффқа шығуға теориялық мүмкіндігін сақтап отыр. Нақты айтқанда, кубок кезеңіндегі сегізінші жолдама үшін (бір күн бұрын сегіздікке «Горняк» енген) «Алматы» мен «Ақтөбе» күресін жалғастыруда. Алайда бүгінгі таңда бұл екі ұжымның арасындағы ұпай айырмасы 11 ұпайды құрайды.
«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 5:6 ОТ (0:2, 3:1, 2:2, 0:1)
0:1 - 01:00 - Шингареев (Стулов, Авдеенко)
0:2 - 19:17 - Стулов (Шишов)
1:2 - 26:31 - Сайко (Цихоцкий, Эрфурт)
2:2 - 26:39 - Петров (Ищенко)
2:3 - 28:51 - Стулов (Шингареев, Васин) ГБ
3:3 - 32:02 - Зизевских (Сапарбек, Трибунский) ГБ
4:3 - 44:08 - Захаров
5:3 - 51:03 - Шайкенов (Захаров)
5:4 - 56:47 - Васин (Пиниди)
5:5 - 59:07 - Асуханов (Васин, Колотыгин)
5:6 - 62:17 - Шишов
Қақпашылар: Ершов (Дубович, 54:21-54:49) - Осипов (Микушин, 44:08-46:53)

«Номад» Павлодардан төрт ұпай алып қайтты. «Көшпенділердің» үш нәтижелі шабуылына Даниил Цыбин (2+1) тікелей қатысты. Ал Роман Калмыковтың еншісінде 18 сейв бар.
«Ертіс» - «Номад» 0:7 (0:0, 0:2, 0:5)
0:1 - 20:19 - Старченко (Диханбек, Бейсембаев)
0:2 - 26:14 - Мигунов (Мерзликин, Гатиятов) ГБ
0:3 - 41:45 - Маңғысбаев (Мигунов)
0:4 - 42:18 - Макеев (Цыбин)
0:5 - 56:38 - Сүлейменов (Старченко, Бейсембаев) ГБ
0:6 - 57:32 - Цыбин ГМ
0:7 - 59:11 - Цыбин (Макеев)
Қақпашылар: Нечвиенко - Калмыков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager