Бейбарыс Батыстағы тартыста басым түсті, Номад Ертісті ойсырата жеңді, Гайтамиров хет-трик жасады

25 qańtar
203

Pro Ligasy-ның Ақтөбе мен Павлодардағы матчтарын бақылайық.

Ел батысындағы екі команданың кезекті текетіресінде «Бейбарыс» басым болды. Атыраулықтар әр кезеңде екі шайбадан соғып, қарсыластарына ойынға толықтай қайта қосылуға мүмкіндік бермеді. Анатолий Шишов алаң иелерінің қақпасына екі мәрте дәл соққы жасады.

«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 3:6 (1:2, 1:2, 1:2)

0:1 - 01:20 - Шингареев (Дорофеев)

0:2 - 02:46 - Колотыгин (Ананичев)

1:2 - 13:29 - Шайкенов (Сапарбек, Зизевских)

1:3 - 26:40 - Шишов (Васин, Стулов)

2:3 - 31:43 - Плотников (Шайкенов, Ищенко)

2:4 - 38:11 - Асуханов

3:4 - 51:43 - Трибунский (Ищенко)

3:5 - 53:45 - Пиниди (Еркинов, Казаченко)

3:6 - 57:48 - Шишов (Шингареев, Стулов)

Қақпашылар: Дубович - Осипов

«Ертіс» қайта қарқын ала бастаған «Номадқа» төтеп бере алмады. Астаналық ұжым сапында қорғаушы Тамирлан Гайтамиров хет-трик жасап, бір нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Вячеслав Колесников 4 ұпай (2+2), ал Роман Старченко 4 ұпай (1+3) еншіледі.

Қақпашы Владимир Никитин Қазақстан чемпионатындағы алғашқы матчында қақпаға бағытталған 12 соққыны қайтарды. Осы жеңістен кейін «көшпенділер» Pro Ligasy турнир кестесінің көш басына қайта оралды.

«Ертіс» - «Номад» 2:12 (1:3, 0:3, 1:6)

0:1 - 03:36 - Гусейнов (Старченко, Диханбек)

0:2 - 04:21 - Колесников (Гайтамиров)

0:3 - 14:11 - Гайтамиров (Колесников)

1:3 - 16:19 - Білімбаев (Пак) ГБ

1:4 - 25:40 - Шульга (Старченко, Бейсембаев) ГБ

1:5 - 30:06 - Мерзликин (Диханбек) ГБ

1:6 - 31:09 - Макеев (Мерзликин, Никитин)

1:7 - 41:04 - Гайтамиров (Колесников, Шульга)

1:8 - 44:52 - Старченко (Маңғысбаев, Гусейнов)

1:9 - 47:46 - Гатиятов (Старченко) ГМ

1:10 - 49:02 - Гайтамиров ГМ

2:10 - 49:30 - Медведков (Смелов, Игушкин)

2:11 - 51:45 - Колесников (Шульга, Оспанов)

2:12 - 56:18 - Сүлейменов (Мигунов, Мерзликин)

Қақпашылар: Какенов (Нечвиенко, 31:09-49:02) - Никитин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.