Pro Ligasy-ның Рудный, Қарағанды және Петропавл қалаларындағы матчтарын бақылаймыз.

«Горняк» «Алматыны» екінші рет жеңіп, турнир кестесіндегі жетінші орнын нығайтты. Сегізінші орындағы «Алматыдан» арадағы алшақтық қазірдің өзінде бес ұпайға жетті. Алаң иелері сапында Александр Куршук дубль авторы атанса, Евгений Степанов төрт нәтижелі шабуылға қатысты (1+3). Ал Владислав Нурек қақпаға бағытталған 41 соққыны қайтарды.
«Горняк» - «Алматы» 7:3 (1:0, 2:2, 4:1)
1:0 - 16:06 - Өтебаев (Куршук, Платонов) ГМ
1:1 - 21:45 - Атаханов (Жульдиков, Петросян)
2:1 - 22:32 - Анисимов (Рахимов)
2:2 - 33:04 - Анисимов (Филиппенко, Ананичев) ГБ
3:2 - 36:39 - Пархоменко (Мозжерин, Горожанинов)
4:2 - 42:35 - Куршук (Степанов, Гурин) ГБ
5:2 - 49:12 - Куршук (Гурин, Степанов) ГБ
5:3 - 57:19 - Петросян (Атаханов, Машинец)
6:3 - 58:33 - Степанов (Юлбарисов)
7:3 - 59:27 - Юлбарисов (Степанов) ГБ
Қақпашылар: Нурек - Эрштейн

«Сарыарқа» мен «Торпедо» арасындағы кездесуде бүгін Өскемен хоккейшілері басым түсті. Қонақтар сапындағы жеңіс шайбасын Андрей Рунов соқты. «Торпедо» құрамына қайта оралған қақпашы Владислав Пестов қарсыластардың есепті өзгертуге бағытталған 25 соққысын қайтарды.
Осы жеңістен кейін Андрей Корабейниковтің шәкірттері үздік үштікке қайта оралды. Ал «Номадтың» Павлодарда жеңіске жетуін ескерсек, Владимир Князев жаттықтыратын команда бір сатыға төмен түсіп, қазір турнир кестесінде екінші орында тұр.
«Сарыарқа» - «Торпедо» 3:5 (1:2, 1:1, 1:2)
0:1 - 00:40 - Колобов (Боровков)
0:2 - 03:35 - Гавриленко (Гренц)
1:2 - 08:58 - Смольянинов (Кузьменко, Степанов)
2:2 - 20:17 - Лихотников (Степаненко, Фазлеев)
2:3 - 31:06 - Медведев (Рахманов, Хорошев)
2:4 - 42:18 - Рунов (Мусоров, Кляузов)
2:5 - 53:16 - Яковлев (Колобов, Боровков)
3:5 - 59:02 - Фазлеев (Кузьменко, Лихотников) ГБ
Қақпашылар: Кадочников - Пестов

Солтүстік Қазақстанның кезекті дербиінде жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Бүгін екі ұпайды Петропавл командасы еншіледі. Шешуші буллиттің авторы – Александр Воробьёв. Ал Антон Осокин өз қақпасына бағытталған 39 соққыны тойтарды.
«Құлагер» - «Арлан» 2:1 Б (0:0, 1:0, 0:1, 0:0, 1:0)
1:0 - 23:52 - Шапорев (Тунхузин)
1:1 - 43:46 - Кисель (Орлов, Недилько) ГБ
2:1 - 65:00 - Воробьёв ПБ
Қақпашылар: Осокин - Истомин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager