Горняк Алматыны жеңді

24 qańtar
639

Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Рудный қаласында өтті.

«Горняк» пен «Алматы» арасындағы аса маңызды кездесуде алаң иелері жеңіске жетіп, оңтүстік астаналық қарсыластарынан бес ұпайға ұзап кетті. Валерий Гурин қонақтар қақпасына екі шайба соқты, ал Оскар Юлбарисов үш нәтижелі пасымен көзге түсті. Рудныйлықтардың қақпашысы Владислав Нурек командасына 22 сейв жасап көмектесті. Ал оның қарсыласы Максим Клоберданец 45 соққыны қайтарды.

«Горняк» - «Алматы» 5:2 (1:0, 2:1, 2:1)

1:0 - 13:53 - Канкин (Мозжерин, Пархоменко)

2:0 - 32:17 - Гурин (Юлбарисов)

3:0 - 32:44 - Лазарев (Өтебаев, Куршук)

3:1 - 34:15 - Андрусенко (Ананичев, Анисимов) ГБ

3:2 - 54:32 - Гусейнов (Жульдиков, Машинец)

4:2 - 56:05 - Степанов (Юлбарисов)

5:2 - 57:26 - Гурин (Юлбарисов, Катков)

Қақпашылар: Нурек - Клоберданец


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.