Дубинскас Номадты жеңді, Құлагер Торпедоны тағы да жеңді

22 qańtar
1327

Pro Ligasy-ның Атырау мен Өскемендегі матчтарын бақылаймыз.

«Бейбарыс» «Номадпен» өткен кездесуге сәтсіз кіріп, ірі есеппен жеңіліс тапты. Атыраулықтар Юргис Дубинскастың қақпасын аша алмады — ол қақпаға бағытталған 29 соққының барлығын қайтарды. Қонақтар сапынан Олег Бойко хет-трик жасап, ал Руслан Оспанов (2+3) «көшпенділердің» бес нәтижелі шабуылына қатысты.

«Бейбарыс» - «Номад» 0:8 (0:3, 0:4, 0:1)

0:1 - 01:45 - Цыбин (Оспанов)

0:2 - 12:51 - Бойко (Диханбек, Гусейнов) ГБ

0:3 - 16:42 - Оспанов (Цыбин, Сулейменов)

0:4 - 20:28 - Колесников (Шульга)

0:5 - 24:30 - Бойко (Сүлейменов, Оспанов)

0:6 - 25:24 - Китаров (Мерзликин)

0:7 - 29:42 - Оспанов (Гатиятов, Диханбек)

0:8 - 59:28 - Бойко (Оспанов, Сулейменов)

Қақпашылар: Микушин (Осипов, 20:00-25:24) - Дубинскас

«Торпедо» мен «Құлагердің» екінші кездесуі негізгі уақыттан тыс аяқталды. Нәтижесінде петропавлдықтар Өскеменнен төрт ұпаймен оралды. Жеңіс шайбасының авторы Герман Шапорев болды. Қонақтардың үш голдық шабуылына тәжірибелі Станислав Тунхузин қатысса, алаң иелері сапында Эрик Алдабергенов дубльмен көзге түсті.

«Торпедо» - «Құлагер» 3:4 ОТ (0:0, 1:1, 2:2, 0:1)

0:1 - 21:01 - Воробьёв (Попитич) ГБ

1:1 - 22:01 - Алдабергенов

2:1 - 46:12 - Алдабергенов (Гренц)

2:2 - 49:03 - Тунхузин

3:2 - 51:17 - Гавриленко (Алдабергенов, Пелевин)

3:3 - 52:57 - Гончаров (Попитич, Тунхузин) ГБ

3:4 - 62:06 - Шапорев (Тунхузин, Бурделёв)

Қақпашылар: Янков - Осокин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.