Арлан мен Сарыарқаның түздегі жеңістері, Горняк Ертісті тағы да жеңді

21 qańtar
765

Сейсенбіде Pro Ligasy-нда үш матч өтті.

«Арлан» елдің батысындағы екінші кездесуде «Ақтөбеге» еш мүмкіндік қалдырмады. Қонақтар құрамында Александр Гопиенко мен Вадим Кравченко үш ұпайдан еншіледі. Көкшетаулықтардың қақпашысы Владимир Истомин қақпаға бағытталған 22 соққыны қайтарды. Осы жеңістен кейін «Арлан» ағымдағы тұрақты чемпионатта үшінші орынға көтерілді.

«Ақтөбе» - «Арлан» 1:5 (0:2, 0:3, 1:0)

0:1 - 03:04 - Кравченко (Борисов, Гопиенко)

0:2 - 13:01 - Свинцицкий (Орлов, Беляев)

0:3 - 20:39 - Орлов (Свинцицкий, Аипов) ГБ

0:4 - 22:12 - Преснов (Гопиенко, Кравченко) ГБ

0:5 - 39:44 - Гопиенко (Санников, Кравченко)

1:5 - 49:13 - Плотников (Киселёв, Цихоцкий)

Қақпашылар: Костюков - Истомин

«Ертіс» бұл жолы да «Горнякке» қарсы ештеңе істей алмады. Рудныйлықтар ойын барысын толық бақылап, қазіргі чемпионаттағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Жеңіс шайбасының авторы Валерий Гурин болды. Сергей Лазарев пен Кирилл Канкин серіктестеріне екі реттен нәтижелі пас берді.

«Горняк» - «Ертіс» 5:2 (2:1, 2:0, 1:1)

0:1 - 01:46 - Медведков (Жабунин)

1:1 - 02:44 - Степанов (Платонов, Лазарев)

2:1 - 14:15 - Өтебаев (Лазарев)

3:1 - 25:29 - Гурин (Куршук, Канкин)

4:1 - 36:58 - Мозжерин (Канкин, Барабаш)

5:1 - 46:09 - Катков (Гурин, Ляпунов) ГБ

5:2 - 56:47 - Пидяшов (Шлычков, Жабунин) ГБ

Қақпашылар: Тихонов - Какенов

«Алматы» мен «Сарыарқа» арасындағы матч негізгі уақыт шеңберінен асып, ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта қарағандылық хоккейшілер сәттірек болып, қонақтар сапынан Сергей Барбашев екі шайбаның авторы атанып, командасына екі ұпай әкелді. «Сарыарқаның» үш нәтижелі шабуылына Эдуард Михайлов (1+2) пен Радель Фазлеев (0+3) қатысып, айрықша көзге түсті.

«Алматы» - «Сарыарқа» 4:5 ОТ (2:1, 1:2, 1:1, 0:1)

1:0 - 01:48 - Филиппенко

2:0 - 03:38 - Гусейнов (Атаханов, Петросян)

2:1 - 13:39 - Барбашев (Кузьменко, Пономарёв)

2:2 - 23:03 - Карабань (Михайлов, Фазлеев)

2:3 - 30:29 - Лихотников (Фазлеев, Карабань)

3:3 - 38:13 - Машинец (Гусейнов) ГБ

3:4 - 44:34 - Михайлов (Фазлеев) ГБ

4:4 - 57:49 - Акпирганов (Ананичев, Валиев)

4:5 - 61:41 - Барбашев (Кузьменко, Михайлов)

Қақпашылар: Эрштейн - Ибрагимов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.