Құрлықтық кубоктің финалында «Торпедо» «Ноттингем» командасымен кездеседі.
Британдықтар шешуші матчқа дейінгі жолда латвиялық «Могоны» (4:0) және польшалық «Катовицені» (4:0) құрғақ есеппен жеңді. Команданың ең нәтижелі ойыншысы – Дидрик Хенбрант, оның еншісінде екі гол және бір нәтижелі пас бар. Турнир қожайындарының қақпашылары Кевин Карр мен Джейсон Гранде жартылай финалдық кезеңде бір-бір матчтан өткізіп, тиісінше 20 және 24 соққыны тойтарды.
Өскемендік ұжым бұған дейін даниялық «Хернинг Блю Фокс» командасын (6:2) жеңіп, француздың «Анжесіне» овертаймда жол берді (2:3). «Торпедоның» ең нәтижелі ойыншысы Никита Колобовтың еншісінде 3 (2+1) ұпай бар. Қақпашы Владислав Пестов финалға 94,12% сейв көрсеткішімен және 2,42 сенімділік коэффициентімен келіп отыр.
«Ноттингем» – «Торпедо» матчы Астана уақытымен 17-нен 18 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де басталады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager