Торпедо – Анже матчы алдында

16 qańtar
636

Құрлықтық кубоктің жартылай финалдық кезеңі аясында өскемендік ұжымның екінші қарсыласы «Анже» командасы болады.

Француз ұжымы турнирді «Хернингтен» 1:4 есебімен жеңілістен бастады. Турнирдегі «Анженің» әзірге жалғыз шайбасын Джонатан Шарбонно соқты.

«Торпедо» өз кезегінде «Блю Фокспен» өткен кездесуде 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осы ойында дубль авторы атанған Никита Колобов турнирдің үздік сұрмергендерінің қатарында тұр.

Тікелей кездесудің алдында Андрей Корабейников шәкірттері В тобында көш бастап келеді. Ал «Анже» үшінші орынға жайғасқан.

«Торпедо» – «Анже» матчы Астана уақытымен 19:30-да басталады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.